Вернуться к списку статей

«Ордабасы» Қызылордада «Қайсармен» ұпай бөлісті

Футбол
1K
«Қайсар» – «Ордабасы» – 1:1. Фото: fckaysar.kz
«Ордабасы» таразы басын ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда теңестіріп, Қызылордадан бір ұпай олжалап қайтты.

«Қайсар» биылғы маусымда «Ордабасы» клубынан екі рет ұтылып қалған. Бірінші айналымда Шымкентте, екіншісінде Қызылордада 0:1 есебімен екі мәрте есе жіберіп алған еді. Бүгін 1:0 есебімен ұтып, есе қайтаруға жақын еді. Бірақ...

Бірақ, «Ордабасы 94-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Сөйтіп, Сыр бойынан бір ұпай олжалап қайтты. Әрі қола жүлдеге тағы бір қадам жасағандай. «Ертіс» пен «Тобыл» Оңтүстік Қазақстан клубын енді қуып жете алмайтын сияқты. Екеуі де бас бапкерін ауыстырып, қарқындарын жоғалтып алды.

«Қайсар» болса, алтыншы орын үшін жанталасып келеді. Бәсекелестері аз да емес. Әсіресе, «Тараздың» тізгін тартатын түрі жоқ. Сондықтан Қызылорда клубы үшін де әрбір ұпайдың бағасы зор болып тұр. Биылғы маусымды аса жоғары қарқында бастағанымен, соңына дейін бір деммен ойнау мүмкін болмады.

Ең бастысы, «Қайсар» бүгін бір гол соғып, осы көрсеткіш жағынан «Оқжетпеспен» теңесті (екеуі де 19 голдан соққан). Бірақ Көкше клубы бір ойын кем өткізген. Әйтсе де, «Қазақстан премьер-лигасындағы ең аз гол соққан команда» деген жаман аттан құтылатындай...

«Қайсар» – «Ордабасы» – 1:1 (0:0)

Голдар: Бойович, 65 (1:0). Смақов, 90+4 (1:1).

Ескертулер: Чуреев, 54. Диакате, 65. Симчевич, 72. Смақов 77. Бойович, 78.

«Қайсар»: Григоренко, Әмірсейітов, Граф,  Ламанж,Чуреев, Коробкин, Камара, Курьор, Аржанов (Бойович, 57), Байжанов (к) (Мулдаров, 90), Джа Джедже (Сақалбаев, 76).

Қосалқы құрам: Исламқұлов, Алтынбеков, Евстигнеев, Нарзілдаев, Жақаев, Жаңғылышбай.

«Ордабасы»: Нурмухаметов, Симчевич, Фонтанелло (Бейсенов, 59), Смақов, Ирисметов, Диакате, Ковальчук, Бочаров (Вуяклийа, 69), Каньяс (Петрак, 19), Нұрғалиев (к), Тұңғышбаев.

Қосалқы құрам: Бекбаев, Йорданов, Әшірбеков, Ерланов, Жұмаханов, Ли.

Төрешілер: Чеховский (Астана), Тихонюк (Ақтөбе), Навроцкий (Астана).

26 тамыз. Қызылорда, Ғ.Мұратбаев атындағы (қосалқы алаң). 1300 көрермен.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика