Вернуться к списку статей

«Қайрат» «Атырауды» биыл бірінші рет жеңді

Футбол
1K
«Атырау» – «Қайрат» – 0:1. Фото: rfcatyrau.kz
Биыл «Қайрат» «Атырауды» жеңе алмай, бес ұпай жоғалтқан еді. Бүгін Жайық жағасында жеңіске жетіп, есесін қайтарды.

Биылғы ел чемпионатында «Қайраттың» «Атыруаға» есесі кетіп жүрген. Алматы клубы осы маусымда тек «Атыраудан» ғана ұтылған болатын. ХІ турда Жайық жағасында 1:2 есебімен ұтылып қалған. ХХІ турда өз алаңында тең түсіп, тағы да азуы батпаған.

Бүгінгі аса тартысты өткен матчта жеңді. Чума Анене бүгін Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соғып, өз клубын жеңіске жетеледі. Жанкештілік танытып, қорғаушылардан бұрын қимылдап, теңбіл допты қақпа торында тулатты. Одан мұндайды күтпеген қақпашы қапы қалды.

Матчты тәп-тәуір бастаған «Атырау» осы голдан кейін алға қарай лап қойды. Бірақ бүгін оларға «Қайраттың» қақпасына гол соғудың сәті түспей-ақ қойды. Бірде қонақтардың қорғаушылары, енді бірде қақпашысы шабуылдары мен соққыларын тойтарып, таразы басын теңестіре алмады.

Осы ойыннан кейін «Қайрат» көш басындағы «Астанаға» мейілінше жақындап, ұпай айырмасын қысқартты. Бірақ елода клубы екі ойын кем өткізген. Соңғы екі турдағы ойындары Еурокубок додасындағы маңызды матчтарына байланысты қазан айына шегерілген...

«Атырау» – «Қайрат» – 0:1 (0:0)

Гол: Чума Анене, 74.

Ескертулер: Двалишвили, 71. Аблитаров, 71. Бакаев, 71. Сүйімбаев, 71.

«Атырау»: Нарзикулов (к), Лобжанидзе, Обшивач, Аблитаров, Джокич (Саломов, 81), Максимович, Сергиенко, Қалмұратов (Сүлей, 78), Нұрыбеков (Хайруллин, 65), Двалишвили, Тәжімбетов.

Қосалқы құрам: Қалменов, Мәжитов, Эсатов, Әбдірахман, Қайыраллиев, Чичулин

«Қайрат»: Плотников, Ахметов, Арзо, Бато, Сүйімбаев, Элек, Қуат (к), Жуков, Исаэль (Соколенко, 81), Тұрысбек (Бакаев, 57), Анене Чума (Шушеначев, 88).

Қосалқы құрам: Покатилов, Рудосельский, Балтабаев, Парагульгов.

Төрешілер: Алёшин (Павлодар), Дерцапф (Орал), Журавлёв (Павлодар).

26 тамыз. Атырау, «Мұнайшы». 3500 көрермен.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика