Црна Гора футбол одағының ресми сайты кеше қыркүйектің басында екі ойын өткізетін ұлттық құрамаларының сапын жариялады. Олардың арасында Қазақстан чемпионатында ойнайтын бір футболшы бар. Ол – «Тараздың» топсасы берік қорғаушысына айналған Неманья Миюшкович. Сондай-ақ Өзбекстан чемпионатынан да бір қорғаушы шақырылыпты...
Естеріңізге сала кетейік, Црна Гора құрамасы күздің алғашқы күндері 2018 әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында екі ойын өткізеді. 1 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасымен кездеседі. Ал 4 қыркүйекте өз алаңында Румыния футболшыларын қабылдайды.
Осы екі ойынға «Қайсар қырандар» (өз тілдерінде – «hrabrih sokola») құрамасының бас бапкері Любиша Тумбакович 24 футболшы шақыртыпты:
қақпашылар – Младен Божович ("Лариса", Грекия), Даниэль Петкович ("Лорьян", Франция), Милан Миятович ("Будучность");
қорғаушылар – Неманья Миюшкович ("Тараз", Қазақстан), Марко Симич ("Пахтакор", Өзбекстан), Стефан Савич ("Атлетико" Мадрид, Испания), Адам Марушич ("Лацио", Италия), Филип Стойкович ("Црвена-Звезда", Сербия), Жарко Томашевич ("Остенде", Бельгия), Эльсад Зверотич ("Сьон", Швейцария), Эмра Климента ("Сакраменто", АҚШ);
жартылай қорғаушылар – Сеад Хакшабанович ("Вест Хэм", Англия), Никола Вукчевич ("Брага", Португалия), Вукан Савичевич ("Слован Братислава", Словакия), Марко Янкович, Небойша Косович (екеуі де – "Партизан", Сербия), Мирко Иванич (БАТЭ, Беларусь), Дамир Кояшевич ("Вардар", Македония), Владимир Йовович ("Яблонец", Чехия), Марко Вешович ("Риека", Хорватия);
шабуылшылар – Стефан Йоветич ("Интер", Италия), Фатос Бечирай ("Динамо Мәскеу", Ресей), Стефан Мугоша ("Шериф", Молдова), Лука Джорджевич ("Арсенал", Ресей).