Грузия және Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу Дубайда өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Екі елдің ұлттық құрамасы да қазір 2018 жылғы әлем чемпионатның іріктеу ойындарына дайындалып, оқу-жаттығу жиыны өткізіп жатыр.
Осы ойынға Грузия құрамасының бас бапкері, Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс Словакия маманы Владимир Вайсс қазір «Атырау» футбол клубының намысын қорғайтын Уча Лобжанидзе мен Владимир Двалишвилиді шақырыпты.
Уча Лобжанидзе осы матчты бастан-аяқ ойнап шығып, 63-минутта ескерту алды. Ал Владимир Двалишвили алаңға 70-минутта шықты. Енді Грузия құрамасы ертең Иордания футболшыларымен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.
Бір қызығы, бұл кездесуде «Ордабасы» клубының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Александр Гейнрих болған жоқ. Осы ойынның 89-минутында Азим Ахмедов алаңнан қуылды.
Өзбекстан – Грузия – 2:2
Голдар: Эльдор Шомуродов, 45 (1:0). Теймураз Шониа, 69 (1:1). Саба Лобжанидзе, 77 (1:2). Эльдор Шомуродов, 78 (2:2).
Өзбекстан: Лобанов, Андреев, Ахмедов, Тухтаходжаев, Хошимов, Сохибов, Шукуров (Куттибоев, 80), Шомуродов, Искандеров (Ашурматов, 90), Бикмаев (Машарипов, 57), Сергеев.
Грузия: Квасхвадзе, Уча Лобжанидзе, Хочолава, Саба Лобжанидзе (Хараишвили, 82), Арабули (Парунашвили, 57), Зивзибадзе, Китеишвили (Папунашвили, 89), Тугуши (Двалишвили, 70), Сергелашвили (...,89), Рехвиашвили, Шониа (...89).
PS:
Айтпақшы, «Атырау» футбол клубының ресми сайты Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде келісімшартқа қол қойған, сербиялық үр жаңа жартылай қорғаушысы Йован Джокичтің өз елінің ұлттық құрамасы сапына атанып кеткенін жариялады. АҚШ – Сербия жолдастық кездесуі 29 қаңтар күні Америкада өтеді екен.