Вернуться к списку статей

Еркебұлан Сейідахмет – тағы да жастар құрамасы сапында

Футбол
1K
Қазақстан жастар құрамасы. Фото: kff.kz
«27 қыркүйек күні Қазақстан жастар құрамасы Ақтөбеде оқу-жаттығу жиынын бастайды», – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Владимир Никитенконың шәкірттері қыркүйек айында 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі ойын өткізеді. Әуелі, яғни 1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Црна Гора жастарын қабылдайды. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады. Ал 5 қыркүйек күні Францияның Ле-Ман қаласында Франция жастар құрамасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2019» додасының іріктеу турнирінде тоғызыншы топқа түскер. Алғашқы ойынын наурыз айында өткізіп, түзде Люксембург жастарын 2:1 есебімен тізе бүктірген. Енді Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімімен таныс болыңыздар:

қақпашылар  Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Игорь Трофимец («Ақтөбе»);

қорғаушылар – Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен, Ескендір Қыбырай (екеуі де – «Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбол Жақаев («Қайсар»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);

жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»),  Демият Сламбеков («Жетісу»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Юрий Перцух, Иван Антипов (екеуі де – «Ақжайық»), Александр Соколенко, Рашид Люхай (екеуі де – «Қайрат»);

шабуылшылар Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Еркебұлан Сейідахмет («Тараз»), Самат Сәрсенов («Қайрат»), Максим Федин («Оқжетпес»).

Қосалқы құрам тізімі:

қақпашы – Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»),

қорғаушылар – Максим Чалкин («Рузаевка»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»),

жартылай қорғаушылар – Артем Попов («Ертіс»), Рамазан Оразов («Қайрат» Самат Шәмші («Қайрат»)

шабуылшылар – Едіге Оралбай («Мақтаарал»), Ақмал Бақтияров, Артем Шушеначев (екеуі де – «Қайрат»).

Жаттықтырушылар құрамы:

Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы,
Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы,
Петр Пустовар – жаттықтырушы-кеңесші.

kff.kz

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика