Вернуться к списку статей

«Атырау» мен «Ертіс» арасындағы кездесуде есеп ашылмады

Футбол
1K
«Атырау» мен «Ертіс» арасындағы кездесуде есеп ашылмады.

«Мұнайшылар» бас бапкерсіз қалған «Ертісті» қабылдады. Атыраудағы ойында екі команда да гол соға алмады.

Негізі «Атырау» мен «Ертіс» арасындағы ойындарда жанкүйерлер көп гол көре бермейді. Мұның алдында Керекуде де тең түскен еді (1:1). Бірінші айналымда «Ертіс» Родриганың 88-минуттағы жалқы голының арқасында үш ұпай еншілеген болатын.

Бұл жолы да солай болды. «Ертіс» өкінішке қарай, «Ордабасының» ұпай жоғалтқанын тиімді пайдалана алмады. Павлодар клубы қазіргі кезде 35 ұпаймен төртінші орында келеді. Үшінші орындағы «Ордабасыдан» 6 ұпайға қалып тұрса, бесінші орындағы «Тобылдан» 4 ұпайға озып шықты.

Ал «Атырау» тоғызыншы орында. Егер бүгін жеңіске жеткенде «Қайсар», «Шахтер», «Тараз» команадаларымен теңесетін еді. Аталған үш команда 23 матчта 27 ұпай жинаған. «Атыраудың» еншісінде 25 ұпай бар.

«Атырау» – «Ертіс» – 0:0

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Двалишвили (Сүлей, 67), Сикимич, Аблитаров, Обшивач, Максимович, Нұрыбеков (Саломов, 58) , Абдрахманов, Хайруллин (к), Чичулин, Сергиенко (Тәжімбетов, 83).

«Ертіс»: Лория (к), Фонсека, Живкович, Родриго (Огиря, 61), Бугаев, Маслач (Есімов, 77), Стаменкович, Кислицын, Алиев, Дарабаев, Шабалин (Дәуітов, 84).

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика