Вернуться к списку статей

«Қайрат» Көкшетау командасын көп күш жұмсамай-ақ жеңді

Футбол
1K
«Қайрат» сырт алаңда «Оқжетпеспен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы кездесу Щучинск қаласындағы «Жақсы» стадионында өтті. Аты «Жақсы» болғанымен, премьер-лига ойындары өтетін алаң емес. Жыл сайын стадион таба алмай қиналатын «Оқжетпес» клубы әзірге осы сапасыз алаңдарда ойнау тұруға мәжбүр.

Ал енді матчқа келетін болсақ, бірінші таймда «Қайрат» допқа көбірек иелік етті. Бірақ қауіпті сәттер аса көп бола қойған жоқ. Тек 33-минутта Исаэл орындаған бұрыштама добын сұрмерген шабуылшы Жерар Гоу өз керегіне жарата білді. Үзіліске дейін осы есеп сақталып қалды.

Екінші таймның басында «Оқжетпес» шабуылшысы Әлібек Бөлешевтің соққан голы офсайд болып, есепке алынған жоқ. Бұдан кейін ойын бірсыдырғы болып кетті. Көкшетау командасы қанша тырысқандарымен, шеберліктері жете қоймады. Ал «Қайрат» футболшылары негізінен осы есепті сақтап қалуға тырысты. Және ол ойлары жүзеге асты.

Сөйтіп, испаниялық бапкер осымен екінші ойын қатарынан сырт алаңда бір доп айырмашылығымен жеңіп, кезекті үш ұпайға ие болды. Бұған дейін Карлос Ферердің жаттықтыруымен «Қайрат» «Ақтөбеден» басым түскен еді.

«Оқжетпес» – «Қайрат» –  0:1

Гол: Гоу, 33 (0:1).

Оқжетпес: Стаменкович(к), Козлов, Хорват (Волков, 75), Гошкодеря, Юрин, Дайыров (Шафф, 78), Досмағамбетов (Гогуа, 67), Марочкин, Адырбеков, Бөлешев, Абдулин.

Қайрат: Покатилов, Исаэль (Тұрысбек, 71), Гоу (Анене, 92), Арзо, Элек, Бато, Ахметов, Сүйімбаев, Қуат, Жуков (Балтабаев, 85), Исламхан (к).

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика