Кешеден бері отандық басылымдар Transfermarket қорында Қазақстанда ойнайтын футболшылардың бағалары өскендігін жариялап жатыр. Қазір біздің елдегі ең қымбат футболшы – серб саңлағы Неманья Максимович.
Жаздан бері Максимовичтің бағасы екі миллион еуродан 3 000 000 еуроға өскен. Сөйтіп ол қайтадан Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы болып отыр.
Ал жазғы трансфер кезінде, маусым айының бірінші жартысында «Қайрат» клубына келіп, Максимовичті екінші орынға ығыстырған Герсон Асеведо (Чили) сәл-пәл арзандаған. Оның бағасы үш миллион еуродан 2 500 000 еуроға түсіп қалыпты.
Жаздан бері Жерар Гоу да (700 мың еуроға), Рохер Каньяс та (жарты миллионға) қымбаттаған. Ал Бауыржан Исламханның бағасы 800 000 еуроға өскен. Әрі ол – дәл қазір қазақтың да, Қазақстанның да ең қымбат ойыншысы.
Енді Transfermarket деректеріне көз жүгіртейік (тізімнен 25 футболшы ғана алынды):