Вернуться к списку статей

EXPO-2017 cup: Финалға Әлем жұлдыздары мен Ресей құрамасы шықты

Футбол
1K

EXPO-2017 cup турнирінің финалына Әлем футболының жұлдыздарынан құралған футболшылар мен Ресей құрамасы шықты.

Әлем жұлдыздар «А» тобында өнер көрсетіп, алдымен Қазақстанды (7:4) сосын Германия (7:6) жеңген болатын . Эрнан Креспо, Яри Литманен, Христо Стоичков, Жан-Пьер Папен бастаған жұлдыздар екі ойында 14 гол соқты. Олар енді ертең финалда Ресей құрамасымен жолығады. Өз кезегінде Роман Широков, Владимир Карпин, Марат Измайлов бастаған ресейліктер екі қарсыласын да аса қиналмай жеңді.

Олар Италияны 9:3, Португалияны 6:5 есебімен ұтты. Ал үшінші орында Қазақстан мен Португалия өзара сарапқа салады. Бұл екі команданың еншісінде бір жеңістен бар. Қазақстан алғашқы ойында немістерден басым түссе, Португалия Италия қақпасына 12 доп соқты.

Ертең алдымен Италия мен Германия бесінші орын үшін ойнайды, одан соң Қазақстан мен Португалия футболшылары қола жүлдеге таласады. Финал Астана уақытымен 16:30-ға белгіленген. EXPO-2017 cup Әлем жұлдыздары құрамасы мен Ресей футболшылары сарапқа салатын болады.

   6 тамыз. «Астана Арена» стадионы, финалдық ойындар 

13:30 – 14:15. Бесінші орын үшін – Германия – Италия

14:30 – 15:15. Үшінші орын үшін – Қазақстан – Португалия

15:30 – 16:15. Финал – Ресей – Әлем жұлдыздары құрамасы

16:30 – 17:15. Марапаттау рәсімі.  

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика