Вернуться к списку статей

EXPO-2017 cup: Қазақстан Әлем жұлдыздары құрамасына есе жіберді

Футбол
1K

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтіп жатқан «Аңыздар додасында» Қазақстан ардагерлері екінші ойынын Әлем жұлдыздарынан құралған футболшылармен өткізіп, 4:7 есебімен жеңіліп қалды. 

Есепті Андрей Богомолов ашты. Дегенмен аргентиналық Эрнан Креспо таразы басын жылдам теңестірді.

Одан соң Қарағандылық «Шахтердің» ұзақ жыл капитаны болған Андрей Финонченко «Динамо Киевтің» экс-қақпашысы Александр Шовковскийден айласын асырып, Қазақстанды екінші рет алға шығарып еді. Бірақ әріқарай шетел жұлдыздарынан команда ойын тізгінін өз қолдарына ұстап, 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойында Кресподан бөлек, қонақтар сапынан Финляндия құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген Яри Литманен, 90-жылдардағы Болгария құрамасының көшбасшысы, 1994 жылғы «Алтын доптың» иегері Христо Стоичков, 1991 жылғы «Алтын доптың» иегері, француз Жан-Пьер Папен және Бразилия құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Алдаир мен 1994 жылғы жазғы Азия ойындарында жеңіске жеткен өзбек футболшысы Азамат Абдурайымов көзге түсті.


Әлем жұлдыздары құрамасы: Христо Стоичков (Болгария), Азамат Абдураимов (Өзбекстан), Александр Шовковский (Украина), Винсан Кандела (Франция), Яри Литманен (Финляндия), Алдаир (Бразилия), Гаиска Мендьета (Испания), Жереми Нжитап (Камерун), Мухсин Мухамадиев (Тәжікстан), Жан Пьер Папен (Франция), Эрнан Креспо (Аргентина).

Қазақстан құрамасы: Қайрат Аубакиров, Максим Самченко, Рафаэль Уразбахтин, Игорь Авдеев, Алексей Клишин, Андрей Богомолов, Сергей Жуненко, Руслан Гумар, Даниил Рихард, Мұрат Тілешев, Андрей Финонченко, Асхат Қадырқұлов, Андрей Карпович.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика