Вернуться к списку статей

Мақсат Байжанов Федерацияға 300 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді

Футбол
1K
Кеше Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.

Премьер-лига

VIII тур

«Атырау»  – «Оқжетпес»

98-бапқа сәйкес «Оқжетпес» клубына 150.000 мың теңге көлемінде айыппұл салынады (бес ойыншысы ескерту алған).

XXI тур

«Ақжайық» – «Ордабасы»

98-бапқа сәйкес «Ордабасы» клубына 150.000 мың теңге көлемінде айыппұл салынады (бес ойыншысы ескерту алған).

«Астана» - «Тобыл»

100-бапқа сәйкес ҚФФ «Тобыл» клубына 150.000 теңге көлемінде айыппұл салады. Қостанай командасы талапты орындамай, қатысушылар экипировкасыз келген.

XXII тур

«Ақтөбе» – «Қайрат»

98-бапқа сәйкес «Ақтөбе» клубына 150.000 мың теңге көлемінде айыппұл салынады (бес ойыншысы ескерту алған).

«Атырау» - «Тобыл»

98-бапқа сәйкес «Атырау» клубына 150.000 мың теңге көлемінде айыппұл салынады (бес ойыншысы ескерту алған).

Ал 15-баптың 4 бөліміне сәйкес ҚФФ «Атырау» клубының қақпашыларын жаттықтыратын Срдан Солдатовичті 2 матчқа дисквалификацияға жіберді. Сондай-ақ өзін-өзі ұстай алмай, матчтың ресми өкіліне қарсы сөйлеген үшін 118 бапқа сәйкес, 300.000 теңге көлемінде айыппұл салды.

«Оқжетпес» – «Қайсар»

134-бапқа сәйкес ҚФФ «Қайсар» командасының ойыншысы Мақсат Байжанов спортшыға тән емес қылық көрсеткені үшін 300.000 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, Мақсат Байжанов «Оқжетпес» пен «Қайсар» арасындағы кездесудің соңында жергілікті көрермендерге жұдырығын көрсетіп, жанкүйерлердің ашуына тиген болатын.  Бұл ойынды тамашалаған кейбір азаматтар «Оқжетпес» жанкүйерлері «Қайсар» капитанына анайы сөздер айтқан дейді. Дегенмен кәсіби спортшы қандай жағдай да өзің салмақты ұстау керек. Байжанов бұл жағдайды есіне шығарып алса керек. Оның үстіне бұған дейін көршісін ұрып, басын даудан әзер аршалап алғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ.  Сондықтан алдағы уақытта 33 жастағы қызылордалық тәжірибелі футболшыға сабыр тілейміз. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика