Кеше түнде «Гранаткин мемориалы – 2017» халықаралық турнирі аяқталып, салтанатты түрде жабылды. Әрі қорытындысы шығарылды. Финалдық ойын аяқталған соң әр шептегі үздік ойыншылар да анықталды:
Үздік қақпашы – Фредерик Валах (Словакия),
Үздік қорғаушы – Станислав Уткин (Ресей),
Үздік жартылай қорғаушы – Айдос Орал (Қазақстан),
Үздік шабуылшы – Еркебұлан Сейідахмет (Қазақстан).
Турнирдің сұрмергені – Ефрем Вартанян (Санкт-Петербург) – 5 гол,
Турнирдің ең бағалы ойыншысы – Никита Каккоев (Ресей).
Шешуші ойындар:
Финал: Ресей – Қазақстан – 1:0
3-орын үшін: Санкт-Петербург – Грекия – 4:2
5-орын үшін: Словакия – Латвия – 2:0
7-орын үшін: Словения – Болгария – 3:0
9-орын үшін: Әзірбайжан – Беларусь – 1:1 (пенальтиден – 5:4)
11-орын үшін: Молдова – Эстония – 1:0
13-орын үшін: Литва – Иран – 3:1
15-орын үшін: Тәжікстан – Үндістан – 1:0