Вернуться к списку статей

«Астана» екі легионерімен еңбек келісімін ұзартты

Футбол
1K
Патрик Твумаси мен Джуниор Кабананга. Фото: fca.kz
«Аузы күйген үріп ішеді» дейді қазақ. Бәрекелді, «Астана» футбол клубы айрықша көзге түсіп жүрген екі легионерімен еңбек келісімін ұзартыпты.

Кеше «Астана» футбол клубының ресми сайты танымал екі легионерімен келісімшарт мерзімін ұзартқанын мәлімдеді. Олар – Патрик Твумаси (Гана) және Джуниор Кабананга. Ел чемпионы таратқан ақпаратқа сенсек, аталған екі футболшымен өзара еңбек келісімдері «Легия» клубымен өтетін матч қарсаңында (!) ұзартылған...

Дұрыс болған. Өте орынды шешім. Әйтпесе, «Легиямен» өткеннен ойыннан кейін-ақ, Польша клубының президентіне Твумаси мен Кабананганың келісімшарттары биылғы маусым аяғында түгесілетіндігін құлаққағыс етушілер аз болған жоқ еді. «Легия» болмаса да, Еуропада шабуылшы іздеп жүрген клубтар көп қой...

Ұстараның жүзіндей лыпылдаған Патрик Твумаси мен алғы шепте оқтаулы мылтықтай “кезеніп” жүретін Джуниор Кабанангаға қызығатындар аз емес деп ойлаймыз. Айырылып қалуға болмайды. Өздеріңіз білесіздер, серб таланты Неманья Максимович «Валенсияға» “су тегін” кеткен. Енді ондай қайталанбаса екен дейміз...

Енді, «Астана» ойыншыларын қымбатқа сатуды да қолға алып, өзгелерге үлгі болады деп үміттенеміз. Мәселен, Рохер Каньяс та трансферлік парағын қолына бере салатындай ойыншы емес еді ғой... Мұның бәрі сабақ болады деп ойлаймыз. Соның бір айғағы – Патрик Твумаси және Джуниор Кабананга сынды Еуропаға белгілі футболшылармен еңбек келісімінің ұзартылуы... 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика