Вернуться к списку статей

«Қайраттың» жаңа бас бапкері – Карлос Алос Феррер

Футбол
1K
«Қайраттың» жаңа бас бапкері – Испания маманы Карлос Алос Феррер. Фото: fckairat.com
«Қайрат» футбол клубына Испания маманы Карлос Алос Феррер ресми түрде бас бапкер болып бекітілді.

Карлос Алос Феррер бұған дейін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Ал оның алдында Қазақстан футбол федерациясының «Оңтүстік» академиясында бас жаттықтырушы болған. Біздің елде 2015 жылдан бері еңбек етіп жүр.

Оған дейін Испанияда, тіпті «Барселона» спорт мектебінде, Польшада, Гонконгта жұмыс жасаған. Негізінен, өрімдей жас футболшылармен жұмыс жасаған. Ал «Қайрат» футбол клубының басшысы жақында ғана «енді жас талантарды тәрбиелеп, жетілдіре түсуді» қолға алтындықтарын мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасынан тыс қалған соң бас бапкерін қызметінен босатқан болатын. Өткен турда өз алаңында «Атыраумен» тең түсіп, екі ұпай жоғалтты. Бұл ойында команданы бас бапкерлік қызметті уақытша атқарушы Сергей Лабодовский басқарған болатын.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика