Вернуться к списку статей

«EXPO-2017 cup» ойындарының өтетін уақыттары

Футбол
1K
1991 жылғы
5-6 тамыз күндері Астанада өтетін «EXPO-2017 cup» турнирінің ойындары екі күнге бөлініп өткізіледі.

Бірден айта кетейік, ардагер жұлдыздар арасындағы «EXPO-2017 cup» турнирі 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Аңыздар кубогына» сәйкес өткізіледі. Яғни әр матч 20 минуттық екі таймнан тұрады. Ал әр команда сапында бес ойыншы және бір қақпашы болады. Ойын алаңының шеттері хоккейдегідей биіктеу борттармен қоршалады.

Енді оқырмандар назарына «EXPO-2017 cup» турнирінің ойындары күнтізбесін (кестесін) ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

4-тамыз (жұма)

Командалардың келуі, қонақ үйге орналасып болуылары.

16.00 – 17.00 – Баспасөз жиыны. «Астана ЭКСПО-2017» Медиа-орталығында

17:00 – 19:00 – «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін аралау. Жанкүйерлермен кездесу. Қолтаңба алу және суретке түсу сессиялары («ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында)

5 тамыз (сенбі)

11:30 – 12:00 – Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі, «Астана-Арена» стадионы

12:00 – 12:45 – 1-ші ойын. «А» тобы

13:00 – 13:45 – 2-ші ойын. «В» тобы

14:00 – 14:45 – 3-ші ойын. «А» тобы

15:00 – 15:45 – 4-ші ойын. «В» тобы

16:00 – 16:45 – 5-ші ойын. «А» тобы

17:00 – 17:45 – 6-ші ойын. «В» тобы

6 тамыз (жексенбі)

10:00 – 12:00 – Футбол жұлдыздарының балаларға арналған шеберлік сабақтары, «Астана-Арена» стадионы

14:30 – 15:15 – Бесінші орын сарапқа салынатын ойын (3А – 3В)

15:30 – 16:15 – Үшінші орын сарапқа салынатын ойын (2А – 2В)

16:30 – 17:15 – Финал (1А – 1В)

17:15 – 17:40 – Командаларды марапаттау рәсімі

Қосарымыз,«EXPO-2017 cup» турниріне келетін футбол жұлдыздарының тізімі күнде жаңа ардагерлермен толғып жатырмыз. Оған алдағы уақытта толығырақ тоқталатын боламыз.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика