Вернуться к списку статей

«EXPO-2017 cup» додасына футбол жұлдыздары келеді

Футбол
1K
1994 жылғы
Астанада өтіп жатқан «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесі аясында ардагер футбол жұлдыздары арасында халықыралық турнир өтеді.

Дүниежүзілік «EXPO-2017» көрмесі тек «Болашақ қуаты» тақырыбындағы көрмелерімен шектелмейді. Мәдени шаралары өте көп. Басқосулар, жиындар, кездеулер де күн құрғатпай өтіп жатыр. Әрине, спорттық шаралар да аз емес. Соның бірі футбол ардагерлері арасындағы халықаралық турнир болады.

5-6 тамыз күндері өтетін футбол жұлдыздары додасына алты елдің құрамасы қатысады. Олар – әлем құрамасы, Германия, Италия, Португалия, Ресей және Қазақстан.

Бұл турнир екі күнге бөлініп өткізіледі. Алты құрама екі топқа тең бөлінген. Бірінші күні топтық ойындар өтеді. Екінші күні финалдық ойындар ұйымдастырылып, турнир жеңімпазы анықталады (1A–1В, 2А–2B, 3А–3В).

Жанкүйерлер мен көрермендер де ұмыт қалмаған. 4 тамыз күні сағат 16:00-де футбол жұлдыздарының қатысуымен баспасөз жиыны өтіп, соңынан қолтаңба алу және суретке түсі сессиялары ұйымдастырылады. Ал 6 тамыз күні әлем футболының саңлақтары балаларға арнап шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонымен кімдер келеді дейсіздер ме? Әзірше бұл турнирге келетін футбол жұлдыздары тізімі төмендегідей:

Әлем құрамасы:

  • Жан-Пьер Папен (Франция)
  • Гаиска Мендьета (Испания)
  • Кристиан Пануччи (Италия)
  • Христо Стоичков (Болгария)
  • Эрнан Креспо (Аргентина)
  • Яри Литманен (Финляндия)
  • Александр Шовковский (Украина)
  • Азамат Абураимов (Өзбекстан)

Германия:

  • Мирослав Клозе
  • Йенс Леманн
  • Кевин Кураньи
  • Гвидо Бухвальд
  • Тим Боровски

Италия:

  • Дино Баджо
  • Джузеппе Барези
  • Марко Дельвеккио
  • Анджело Ди Ливио

Португалия:

  • Нуну Манише
  • Педро Паулета
  • Паулу Феррейра
  • Фернанду Мейра

Ресей:

  • Валерий Карпин
  • Роман Широков
  • Сергей Кирьяков
  • Евгений Алдонин
  • Александр Филимонов

Қазақстан:

  • Нұрбол Жұмасқалиев
  • Самат Смақов
  • Асхат Қадырқұлов
  • Рафаэль Оразбахтин
  • Мұрат Тілешев
  • Қайрат Әубәкіров
  • Андрей Карпович
  • Андрей Финонченко
  • Игорь Авдеев және т.б.

Бас төреші – Массимо Бузакка (Италия).

Бірден айтайық, «EXPO-2017 cup» додасына келетін футбол жұлдыздары мұнымен шектелмейді. Ұйымдастырушылар сүйінші сұрауға асығар емес. Футбол жанкүйерлерін әлі де қуантады.

Ендеше, біз де асықпаймыз. Осы турнирдің ойындар күнтізбесін және кейбір ережелерін және басқа да ақпараттарын сәл кейінірек жариялаймыз...

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика