Вернуться к списку статей

«Ордабасы» жарты миллиард теңгеге сатылды

Футбол
2K
«Ордабасы» футбол клубы электронды сауда арқылы сатылды. Фото: fcordabasy.kz
«Ордабасы» футбол клубы электронды сауда арқылы сатылыпты. Бұл ақпаратты tvk-uko.kz басылымы таратты.

«Ордабасы» кәсіпқой футбол клубы» акционерлік қоғамының сатылуы туралы ақпарат бұған дейін gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында жарияланған» деп жазады аталмыш басылым. Бастапқы баға 248 миллион теңге болып белгіленген екен.

Электронды үлгіде жүргізілген саудаға салынған клубты сатып алуға үш үміткер ықылас білдірген. Олар – «БИІК» спорт сервис», «Намыс» спорттық орталығы және жеке тұлға. Бірақ олардың қайсысының клубты 502 миллион теңгеге сатып алғанын облыстық қаржы басқармасы жақ ашып айтпаған. Бұл – әзірше ашық айтылмайтын ақпарат...

Бұл ақпаратты енді «Ордабасы» футбол клубының өзі мәлімдеуі мүмкін. Бұған дейін жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылып келген клуб енді жекешелендіріледі. Кім біледі, бәлкім, ойыны да түзелер. «Ордабасы» жанкүйерлері дәл осылай ойлап, үміттерін үзбейді. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика