22-23 шілде күндері 20 жасқа дейінгі еліміздің жастар арасындағы аралық құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін бұл құрама Сочи сапар шегеді. 24-29 шілде аралығында Ресей қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысатын көрінеді.
Талантты футболшыларымызды Қазақстан жастар құрамасына дайындайтын U-20 аралық құраманы Игорь Свечников жаттықтырады. Оған Бауыржан Сағындық пен Иван Азовский көмектеседі. Аталған бапкерлер құрамы Талғарда өтетін жиынға мына футболшыларды шақырыпты:
қақпашылар – Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Подымский («Астана»);
қорғаушылар – Талғат Құсяпов («Астана»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Артем Олейник («Қайрат»), Кирилл Алексеев («Шахтер»).
жартылай қорғаушылар – Әлішер Сағынов («Астана»), Наурызбек Жагоров («Атырау»), Думан Тұрсынбай («Тараз»), Рамазан Оразов, Илья Артюшенко (екеуі де – «Қайрат»), Денис Калинин («Рузаевка»).
шабуылшылар – Әбілхан Әбдукәрімов («Ақтөбе»), Олжас Ақылбеков («Ордабасы»), Бақдәулет Жүзбай, Ақмал Бақтияров (екеуі де – «Қайрат»).