«Ордабасы» енді бар күш-жігерін ел чемпионатына жұмылдырады. Оңтүстік Қазақстан облысы клубы ел кубогынан да шығып қалған, Еуропа лигасынан да “ауып” қалды. Енді бар “ашуын” төл біріншілігімізден алуы керек. Бірақ бүгін шымкенттіктер де жоғары қарқында көсіле алмады.
«Ордабасы» Еуропа лигасының бірінші сатысындағы қарымта матчын Алматыда өткізген. «Қайрат» сияқты алысқа шыққан жоқ сияқты еді. Әйтсе де, деңгейі өзінен төмен кеншілер клубының қақпасына гол соға алмай, біраз тер төкті.
Осы ретте айта кетуіміз керек, алаң иелерінің Симчевич соққан бірінші голын төрешілер есепке алмады. Офсайд болыпты. Есесіне, 74-минутта команда сапына жақында ғана қосылған, серб саңлағы Срджан Вуяклийа есеп ашты.
Бірнеше қорғаушының ортасында тұрып, допты ыңғайына салып алды да, шірене тепті. Бәрін де қапы қалдырды. Міне, осындай шабуылшы керек қой! «Широки Бриегпен» ойнағанда, дәл осы Срджандай допты дәлдеп тебе алатын ойыншы болғанда...
«Шахтер» матч соңында қарқынын үдетті. Есепті теңестіруге тырысты. Обалы нешік, гол соғып, таразы басын теңестірген. Бірақ төрешілер Михаил Габышевтің соққан голын да есепке алмады. Офсайд болды ма, ойын ережесі бұзылды ма, оны айыра алмадық...
«Ордабасы» – «Шахтер» – 1:0 (0:0)
Гол: Вуяклийа, 74.
Ескертулер: Стоянович, 25. Ерланов, 50. Хижниченко, 72.
«Ордабасы»: Бекбаев, Симчевич, Ерланов, Фонтанелло, Петрак, Диакате, Ковальчук (Вуяклийа, 63), Бочаров, Әшірбеков (Ли, 65), Тұңғышбаев, Нөсербаев (к) (Бейсенов, 90+2).
Қосалқы құрам: Нұрмұхаметов, Йорданов, Ирисметов, Мұхтаров, Қожабаев, Жұмаханов.
«Шахтёр»: Шацкий, Габышев, Хлебоун, Пикалкин, Айегбуси (Мангуткин, 10), Сзоке, Стоянович, Зошак, Станоевич (к) (Өміртаев, 78), Шахметов, Хижниченко (Тәттібаев, 73).
Қосалқы құрам: Багинский, Васильев, Әлімбаев, Ермеков, Скорых, Күлбеков.
Төрешілер: Рақымбаев (Алматы), Дерцапф (Уральск), Попов (Астана).
9 шілде. Шымкент, «Намыс» стадионы. 2500 көрермен.