Вернуться к списку статей

«Ақтөбе» мен «Оқжетпес» – Муханов екі рет жеңіске жетті

Футбол
2K
«Ақтөбе» – «Оқжетпес» – 3:0. Фото: okzhetpes.kz
Қазақстан премьер-лигасында ХІХ турдың екі ойыны бүгін өтіп, «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпесті» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Владимир Муханов биыл, ХІІ турға дейін «Оқжетпестің» бас бапкері болған. Содан кейін, өздеріңіз де білесіздер, «Ақтөбенің» тізгінін ұстады. Былайша айтқанда, осы ойында аталған маманның қазіргі және бұрынғы командалары кездесті. Бұл матчта соңғы аптада құрамын күшейтіп алған ақтөбеліктер басымдық танытты.

Осы ретте айта кетейік, бірінші айналымда екі команданың жолы ІХ турда түйісіп, Астанадағы «Тарлан-Арена» стадионында өткен матчта «Оқжетпес» жеңіске жеткен болатын. Ол кезде Көкше клубын кім жаттықтыратынын білесіздер. Сонда екеуінде де Владимир Муханов жеңіске жетіп отыр...   

Сөз жоқ, «Ақтөбенің» жаңа ойыншылары команданың ойын өрнегін жетілдіре түсіпті. Мәселен, бүгінгі ойында Муарем – Савич жұбы екі гол соқты. Македония футболшысы екі рет допты серб шабуылшысының аяғына салып беріп, соңғысы өз мүскндіктерін мүлт жіберген жоқ.

Екінші таймда «Оқжетпес» қарқынын үдетіп, шабуылды жиілетті. Қос қапталдан алға ентелеп, алаң иелерінің қақпасына қауіп төндірумен болды. Тіпті бір гол соққан. Бірақ төрешілер бұл голды Марвин Огунжими “офсайдтан соқты” деп, есепке алмады.

Ал матч соңында «Ақтөбе» сапына жақында қосылған Марко Обрадович тамаша пас шығарып беріп, оны Бауыржан Байтана қақпаға дөп түсірді. Қақпашыны бір қимылымен-ақ қапы қалдырды. Сөйтіп, «Ақтөбе» жеңіске жетіп, көш соңында бір саты жоғары көтерілді (11-орынға).

«Ақтөбе» – «Оқжетпес» – 3:0 (2:0)

Голдар: Савич, 14. Савич, 38. Байтана, 87.

Ескертулер: Зенькович, 18. Фрейдгеймас, 36. Жұмағали, 58. Адырбеков, 64. Абдулин, 69, Досмагамбетов, 75. Савич, 80.

«Ақтөбе»: Сидельников (к), Қайыров, Жұмағали, Айтбаев, Барбоса, Муарем (Аслан, 90+2), Сәулет, Валиуллин (Обрадович, 76), Нейн Еоне (Байтана, 48), Савич, Зенькович.

Қосалқы құрам: Отарбаев, Кәкімов, Шурыгин, Тотай, Жүнісов

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Марочкин, Фрейдгеймас, Абдулин, Адырбеков, Досмағамбетов, Волков (Гогуа, 66), Федин, Юрин (Бөлешев, 85), Козлов (Шафф, 70), Огунжими.

Қосалқы құрам: Әбжанов, Хорват, Куксин, Дайыров, Кейлер.

Төрешілер: Алиев, Павлов, Қошқаров (бәрі де – Алматы).

8 шілде. Ақтөбе, «Орталық» стадион. 8500 көрермен.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика