Вернуться к списку статей

“Шахтер” “Атырауды” Теміртауда тағы да тізе бүктірді

Футбол
1K
«Шахтер» – «Атырау» – 2:0. Фото: rfcatyrau.kz
«Шахтер» биыл «Атырауды» қалай жеңудің амалын тапты. 24 күннің ішінде Теміртауда екі рет тізе бүктірді.

Әуелі Қазақстан кубогы аясында кездесіп, 24 мамыр күні жартылай финалдың бірінші кездесуінде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды Дәуренбек Тәжімбетов соқты. Қарымта матч алдағы сәрсенбі (21 маусым) күні Жайық жағасында өтеді.

Бүгін «Шахтер» мен «Атырау» Қазақстан чемпионатының ХVІ туры аясында кездесті. Матч басталған бетте кеншілер есеп ашып, бокс тілімен айтқанда, «Атырауды» “нокдаунға” түсірді. Қонақтар бұл ойынның басында өте сылбыр қимылдағандай.

Жалпы, бүгінгі матчта «Атыраудың» екі ойыншысы болған жоқ. Лобжанидзе мен Чичулин жарақаттанып қалыпты. Двалишвили Грузия құрамасының сапынан шаршап-шалдығып келген. Теміртауда бір-ақ тайм ойнады. Әрине, қонақтар үшін бұл ақталудың амалы емес.

«Шахтер» ойыншылары бұл ойында жанкештілік танытты. Андрей Финонченко сенім артқан жігіттер үш ұпай олжалап, турнир кестесіндегі соңғы орыннан жоғары көтерілді. Бірақ басты бәсекелестері ертең ойнайды. Әзірше «Ақтөбе» мен «Оқжетпестен» жоғары тұр...

«Шахтер» – «Атырау» – 2:0 (1:0)

Голдар: Станоевич, 1. Станоевич, 89.

Ескерту: Эсатов, 81.

«Шахтёр»: Шацкий, Әлімбаев (Пикалкин, 82), Кадио, Айегбуси, Тарасов (к), Скорых (Өміртаев, 69), Мангуткин (Стоянович, 57), Сзоке, Станоевич, Зошак, Тәжімбетов.

Қосалқы құрам: Багинский, Васильев, Ермеков, Тәттібаев, Шахметов

«Атырау»: Пасеченко, Мәжитов, Джокич, Сапаров, Обшивач, Эсатов, Әбдірахманов, Саломов, Қалмұратов (Сергиенко, 46.), Хайруллин (к), Двалишвили (Сүлей, 46).

Қосалқы құрам: Нарзикулов, Максимович, Жагоров, Нұрыбеков, Коробов, Маров, Халелов

Төрешілер: Московченко, Попов (екеуі де – Павлодар), Будниченко (Екібастұз)

17 маусым. Теміртау, «Металлург» стадионы. 300 көрермен.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика