Руслан Есімов өзінің бірінші жаттақтырушысы Евгений Скоробогатскийдің қол астында жаттығатын бүлдіршіндерге 25 доп сыйлады. Кешеден бері бұл ақпаратты отандық басылымдар және Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы таратып жатыр.
Қазір Русланның 61 жастағы алғашқы бапкері – №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде. 2006 жылы туған жеткіншектерді аяқдоп өнеріне баулып жүр екен. Жалпы, Евгений Скоробогатский кезінде «Батыр» командасының бас бапкері болған.
Оның шәкірттерінің арасында Юрий Корзаков, Виталий Спарышев, Руслан Гумар, Андрей Барсуков, Дмитрий Шомко, Руслан Есімов, Қуаныш Бегалин, Владимир Воменко және басқа да елімізге танымал көптеген футболшылар бар.
Ал Руслан Есімов өзінің кеңпейілді, ізетті жан екендігін көрсете білді. Қайда жүрсе де, ұшқан ұясын ұмытпайтындығын дәлелдеі. Рамазан айындағы оның осы бір игілікті ісі басқа футболшыларымызға үлгі болады деп ойлаймыз.