Вернуться к списку статей

Қазақстанның төртінші жеңілісі мен Польшаның бесінші жеңісі

Футбол
1K
Қазақстан – Дания – 1:3. Фотоны түсірген: Эдуард Гавриш
УЕФА құрамына кіретін елдер 2018 әлем чемпионаты іріктеу турнирінің алтыншы турын өткізді. «Е» тобында Польша тағы жеңіске жетті.

Алтыншы турда Қазақстан құрамасы Дания футболшыларынан ұтылып қалды. Бұл – біздің құраманың әлем біріншілігінің іріктеу додасындағы төртінші жеңілісі. Қалған екі ойында тең түскенбіз. Әлі бірде-бір рет жеңіске жектен жоқпыз.

«Е» тобындағы қалған екі ойында алаң иелері жеңіске жетті. Польша құрамасы Румынияның 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Црна Гора футболшылары Арменияны 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Осы ретте айта кетейік, поляктар әлі жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ.

VІ тур. «E» тобы

Қазақстан – Дания – 1:3 (0:1)
Голдар: Йоргенсен, 27 (0:1). Эриксен, 51-пенальтиден (0:2). Қуат, 76 (1:2). Дольберг, 81 (1:3).

Польша – Румыния – 3:1 (1:0)
Голдар: Левандовски, 29-пенальтиден (1:0). Левандовски, 57 (2:0). Левандовски, 62-пенальтиден (3:0). Станку, 77 (3:1).

Црна Гора – Армения – 4:1 (2:0)
Голдар: Бечирай, 2 (1:0). Йоветич, 28 (2:0). Йоветич, 54 (3:0). Йоветич, 82 (4:0). Корян, 89 (4:1).

Алтыншы турдан кейінгі турнир кестесі


Сенбіден жексенбіге ауған түні өткен қалған ойындардың нәтижелері:

«C» тобы:

Әзірбайжан – Солтүстік Ирландия – 0:1
Германия – Сан-Марино – 7:0
Норвегия – Чехия – 1:1

«F» тобы:

Шотландия – Англия – 2:2
Литва – Словакия – 1:2
Словения – Мальта – 2:0


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика