Вернуться к списку статей

Бірінші лига – Муссаның покері және қосымша уақыттағы голдар

Футбол
1K
«Жетісу» – «Қыран» – 2:0. Фото: fc-zhetisu.kz
Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында сегізінші турдың ойындары өтіп, үш ойында алаң иелері жеңіске жетіп, тек біреуі тең аяқталды.

«Жетісу» тағы да жеңді. Екінші орында келе жатқан «Қыранды» тізе бүктіріп, ұпай айырмасын ұлғайта түсті. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы командасы осы жеңілісінен кейін төртінші орынға ығысты.

«Каспий» мен «Екібастұз» арасындағы ойын Шымкентте өтіп, жеті гол соғылды. Әуелі Қуаныш Бегалин мен Лиман Мусса гол соғудан “жарысып” еді, Оңтүстік Африка елі футболшысы көсіле шапты. Ол төрт гол соғып, өз командасын жеңіске жетеледі. Бұл – Ақтау клубының биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.

«Мақтаарал» өз алаңында тек қазақ футболшыларынан жасақталған «Байқоңырды» әупіріммен ұтып, екінші орынға көтерілді. Ойынның аяғында төрт ойыншы ескерту алып, шиеленісті ойын жетісайлықтардың жеңісімен аяқталды.

«Қызыл-Жар» түзде кеншілер командасымен кездесіп, тең түсті. Бір қызығы, екі гол да ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда соғылды. Әуелі алаң иелері гол соғып, іле-шала қонақтар таразы басын теңестірді.

«Жетісу» – «Қыран» – 2:0 (0:0)

Голдар: Керімжанов, 58. Әбденәби, 87.

Ескертулер: Абутов, 15. Таңжарықов, 54. Жолдасов, 54. Аллашүкіров, 88.

«Жетісу»: Шабанов, Әділ, Таңжарықов, Данилюк, Бургию, Касьянов, Орынбасар (Әбденәби, 46), Керімжанов, Ибраев (Балтабеков, 70), Шакин (к) (Харабара, 66), Хромцов, (Сердюков, 81).

Қосалқы құрам: Колбунцов, Әділханов, Сағындықов, Вяткин, Мұсабеков.

«Қыран»: Қаленов, Абутов, Ақымбеков (Фоменков, 76), Жолдасов (Әліпбеков, 85), Жақсыбайұлы, Аллашүкіров, Ермұрзаев (к) (Шәмші, 90+1), Бөрібай (Тәжмағамбетов, 64), Манекеев, Тілеуімбет, Әліпбек.

Қосалқы құрам: Тоқтарбай, Тұрсын, Төреханов, Әметов, Эрмекуулу.

Төрешілер: Кенжалинов (Астана), Янушкевич (Сарань), Борисенко (Қостанай)

*  *  *

«Каспий» – «Екібастұз» – 4:3 (1:2)

Голдар: Бегалин, 8 (0:1). Мусса, 18 (1:1). Бегалин, 45+3 (1:2). Еркен, 52 (1:3). Мусса, 55-пенальтиден (2:3). Мусса, 58 (3:3). Мусса, 90+3 (4:3).

Ескертулер: Мусса, 10, Берсүгіров, 22. Сүлейменов, 90+2. Жанысбаев, 90+3.

«Каспий»: Аязбаев (к), Қабылан (Алқамбеков, 88), Қуанышев, Чалкин, Коне, Мусса, Қадырбаев (Тайкенов, 72), Жанысбаев, Жақыпов (Оразаев, 46), Ешенқұл, Узденов.

Қосалқы құрам: Мұқанов, Рымтаев, Елтаев, Қызылтаев.

«Екібастұз»: Нарымбаев, Оразалиев, Әнуарбеков (Панасенко,72.), Еркен, Айменов (Джамаришвили, 79.), Аллаяров, Біралин (к), Берсүгіров, Бурцев (Мырзабаев, 79), Бегалин, Жұмкенов (Сүлейменов, 46).

Қосалқы құрам: Сотник, Омаров, Саденко, Червов, Қуанышев.

Төрешілер: Лесив (Семей), Қожабеков, Ахметов (екеуі де – Қызылорда)

*  *  *

«Мақтаарал» – «Байқоңыр» – 2:1 (1:1)

Голдар: Мақан, 14 (0:1). Кәрімов, 22 (1:1). Оралбай, 71 (2:1).

Ескертулер: Сейітханов, 16. Оралбай, 90+3. Мұқанов, 90+3. Төлегенов, 90+3. Сарыбай, 90+3.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Лебединский, Алекперзаде (к) (Хамзин, 66), Кәрімов, Набиев, Пасеченко, Шұбаев (Саурамбаев, 46), Рыбалко (Зверев, 72), Арипов, (Мұқанов, 46), Кәмбіл, Оралбай.

Қосалқы құрам: Хамытбеков, Ілиясов, Құлымбетов, Мирсалимбаев, Бақтиаров.

«Байқоңыр»: Таңатқанов, Аяжан, Мақан, Сарыбай, Сейітханов, Абзалов, Балымбетов (Дүйсенбаев, 82), Кемалұлы (Төлегенұлы, 64), Қарабек (к), Төлегенов, Алтаев.

Қосалқы құрам: Салайдин, Досманбет, Серік, Рахметов, Ыбыраев.

Төрешілер: Ахметов, Жасыбай (екеуі де – Алматы), Сысоев (Көкшетау) 

*  *  *

«Шахтер-Болат» – «Қызыл-Жар СК» – 1:1 (0:0)

Голдар: Буртовой, 90+1 (1:0). Ступич, 90+3 (1:1).

Ескертулер: Ахмеев, 51. Наркескен, 58. Серғалиев, 85. Жолшорин, 89.

«Шахтер-Болат»: Матаев, Наркескен, Әбенов (Лунев, 72), Сосновский, Буртовой, Тарасов (Күлбеков, 54), Бернацкий (к), Жолшорин, Ахмеев, Щербаков (Диқанбаев, 65), Жүсіпов, (Захаренко, 54).

Қосалқы құрам: Ақбұлан, Базарнов, Гасанов, Шәкен, Алексеев.

«Қызыл-Жар СК»: Закіров, Соколенко (Серғалиев, 74), Сұлтанов, Кулибали, Ступич, Гунченко (к) (Алиев, 41), Жанұзақов, Дубков (Кисметов, 72), Мульдинов, Седельников, Хайыров (Мальцев, 61).

Қосалқы құрам: Багаутдинов, Бажич, Айтов, Павинич, Әубәкіров.

Төрешілер: Қызылбаев, Мортин (екеуі де – Ақтөбе), Долгих (Павлодар)


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика