Вернуться к списку статей

“Жетісу” ұзап барады – “Қызыл-Жар” енді қызды

Футбол
1K
«Жетісу» – «Каспий» – 1:0. Фото. fc-zhetisu.kz
Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында жетінші турдың ойындары екі күнге бөлініп өткізілді.

Көш басындағы «Жетісу» өз алаңында Ақтау клубын әупіріммен ұтты. Пенальти болмағанда, «Каспий» Талдықорғаннан бір ұпай олжалап қайтатын еді. Сөйтіп, алаң иелері бесінші жеңісіне қол жеткізсе, қонақтар бесінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

«Мақтаарал» Алматыда «Қайраттың» жастарын ұтып, кеше үшінші орынға көтерілді (бүгін 4-орынға түсіп қалды). Маусымды тәп-тәуір бастаған алматылықтар осымен екінші рет қатарынан ұтылып отыр. Бұл жолы Алатау бөктерінде Оңтүстік Қазақстан облысынан келген тәжірибелі қонақтарынан есе жіберіп алды.

«Қыран» да жерлестерінен қалыспай, жеңіске жетіп, екінші орынға көтерілді. Шымкент командасы «Шахтердің» жастарынан басым түсті. Оңтүстік Қазақстан облысының бұл командасы да «Жетісу» сияқты биылғы маусымда әлі ұтылған жоқ.

«Қызыл-Жар» Қызылордада «Байқоңырдан» басым түсті. Биылғы маусымды сәтсіз бастаған солтүстікқазақстандықтар соңғы турларда қарқындарын үдетіп келеді. Бүгін үшінші орынға көтерілді. Тек қазақ жастарынан жасақталған «Байқоңыр» биыл қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жүр.  

28-мамыр

«Жетісу» – «Каспий» – 1:0 (0:0)

Гол: Хромцов, 67-пенальтиден.

Ескертулер: Касьянов, 42. Узденов, 43. Ешенқұл, 48. Нәбиханов, 78. Әбденәби, 86.

«Жетісу»: Шабанов, Әділ, Сағындықов (к), Данилюк, Бургию, Досқалиев, Таңжарықов (Әбденәби, 54), Касьянов, Сердюков (Керімжанов, 82), Ибраев (Хромцов, 66), Шакин (Харабара, 77).

Қосалқы құрам: Колбунцов, Орынбасар, Балтабеков, Вяткин, Мұсабеков

«Каспий»: Аязбаев, Нәбиханов, Қуанышев (Қызылтаев, 84), Қадырбаев (Рымтаев, 90+2), Жанысбаев, Жақыпов (Оразаев, 71), Ешенқұл, Чалкин, Коне (к), Мусса, Узденов (Қабылан, 72).

Қосалқы құрам: Мұқанов, Тайкенов, Елтаев.

Төрешілер: Омаров, Дауанов, Жүнісов (бәрі де – Алматы).

28 мамыр. Талдықорған, «Жетісу» стадионы. 1500 көрермен.

*  *  *

«Қайрат А» – «Мақтаарал» – 1:2 (0:1)

Голдар: Набиев, 30 (0:1). Оралбай, 49 (0:2). Нүсіп, 60-пенальтиден (1:2).

Ескертулер: Қыбырай, 7. Әбікен, 23. Кәрімов, 50. Караваев, 70. Мусаев, 88.

«Қайрат А»: Караваев, Қасым, Сұлтан (Сәрсенов, 52), Сматов, Мусаев (к), Балтабаев, Люхай, Қыбырай, Әбікен (Шушеначев, 81), Қыдырәлі, Нүсіп (Кривенцев, 66).

Қосалқы құрам: Грошев, Гладченко, Оразов, Стародубов, Котов, Парагульгов

«Мақтаарал»: Кувшинов, Лебединский, Кәрімов (Зверев, 90+4), Набиев (Махамбетов, 60), Пасеченко, Шұбаев, Рыбалко (Аулабаев, 56), Арипов (Саурамбаев, 64), Кәмбіл, Оралбай, Алекперзаде (к).

Қосалқы құрам: Сивожелезов, Бақтиаров, Құлымбетов, Ілімов, Мирсалимбаев

Төрешілер: Искаков, Алистратова, Акимова (бәрі де – Қостанай).

28 мамыр. Алматы, Т.Сегізбаев атындағы академия стадионы. 200 көрермен.

*  *  *

«Қыран» – «Шахтер-Болат» – 2:0 (0:0)

Голдар: Жақсыбайұлы, 59 (1:0). Абутов, 90+4 (2:0).

Ескертулер: Әбенов, 36. Тәжмағамбетов, 85.

«Қыран»: Қаленов, Сүлейменов (Тәжмағамбетов, 46), Жолдасов (Әліпбеков, 81), Жақсыбайұлы, Аллашүкіров, Ермұрзаев (к), Бөрібай (Жақсыбек, 74), Фоменков (Абутов, 46), Манекеев, Тілеуімбет, Әліпбек.

Қосалқы құрам: Тоқтарбай, Шәмші, Төреханов, Ақымбеков, Әметов.

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан (Матаев, 89), Наркескен, Әбенов, Сосновский, Буртовой, Тарасов, Бернацкий (к), Жолшорин, Ахмеев (Гасанов, 90+6), Щербаков (Диқанбаев, 46), Жүсіпов (Лунев, 69).

Қосалқы құрам: Базарнов, Шәкен, Алексеев.

Төрешілер: Кучма (Көкшетау), Белоградов, Воскобойников (екеуі де – Павлодар).

28 мамыр. Шымкент, «БИІК» стадионы. 300 көрермен.

*  *  *

29 мамыр

«Байқоңыр» – «Қызыл-Жар СК» – 0:2 (0:2)

Голдар: Ступич, 22. Гунченко, 27.

87-минутта Дүйсембаев («Б») пенальти соға алмады.

Ескертулер: Сұлтанов, 60. Төлегенов, 62.

«Байқоңыр»: Таңатқанов, Мақан, Сарыбай, Сейітханов (Аяжан, 58), Балымбетов, Кемалұлы (Дүйсембаев, 80), Қарабек (к), Рүстемов, Дүйсенбаев (Абзалов, 50), Төлегенов, Алтаев.

Қосалқы құрам: Тілеуов, Досманбет, Серік, Рахметов, Төлегенұлы, Ыбыраев.

«Қызыл-Жар СК»: Багаутдинов, Соколенко, Кулибали, Седельников, Алиев (к), Гунченко (Кисметов, 82), Жанұзақов, Павинич (Мульдинов, 71), Серғалиев (Аубакиров, 90+1), Сұлтанов, Ступич (Бажич, 85).

Қосалқы құрам: Зәкіров, Мальцев, Хайыров, Шевченко.

Төрешілер: Сариев (Орал), Әбжан (Шымкент), Волков (Атырау).

29 мамыр. Қызылорда, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион (қосалқы алаң). 300 көрермен


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика