Вернуться к списку статей

Ораза кестесі – Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Футбол
5K
Әзірет Сұлтан мешітінің суреті semboldevelopment.com/kz/ сайтынан алынды
Құрметті, футболшылар және жанкүйерлер! Сіздерге Қасиетті Рамазан айындағы Ораза тұту кестесін ұсынамыз.

Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бөленуге асығып жүрген жанкүйерлеріміз көп, футболшыларымыз бен спортшыларымыз да жетерлік!

Мейірімділік, кешірімділік, игілік, имандылық һәм адамгершілік құндылықтар салтанат құрған қоғамның қашан да болашағы баянды, келешегі кемел. Рамазан айы тек ас-судан тыйылу емес, әр адам өзін тәрбиелеп, сынақтан өткізетін және есеп беретін кезең.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында, бірінші және екінші лигаларында Ораза тұтатын футболшылар бар Ал футбол жанкүйерлері арасында Ораза ұстайтындар мүлде көп.

Сондықтан, біз бүгін Ораза тұту кестесін ұсынып отырмыз. Бұл кестелер azan.kz сайтынан алынды. Біз өзіміздің оқырмандарымыз көп Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кестесін ғана жариялап отырмыз. Егер сізге басқа қаланың кестесі керек болса, онда мына сілтеме арқылы өзіңізге қажетті мекен-жайдың кестесін таба аласыз:

https://azan.kz/ahbar/read/qazaqstan-qalalaryina-arnalgan-oraza-uaqyityinyin-kestesi-2017-zhyil-10817







Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика