Вернуться к списку статей

Гранаткин мемориалы – Жартылай финалда Грекия бозбалалары тосып тұр

Футбол
2K
Ширек финал: Грекия – Латвия – 0:0 (пенальтиден – 8:7). Фото: granatkin.com
Бүгін ХХІХ "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінде ширек финалдық ойындар басталды. Солардың бірінде Қазақстан бозбалаларының келесі кезеңдегі қарсыласы анықталды...

Ертең Александр Кузнецов жаттықтыратын еліміздің жасөспірімдер құрамасы Словения жеткіншектерімен кездеседі. Бұл – ширек финалдық ойын. Астана уақытымен дүйсенбі күні 19:30-да басталады.

Егер осы ойында Қазақстан қырандары жеңіске жетсе, жартылай финалда Грекия U-18 құрамасымен кездеседі. Ал егер ұтылып қалса (бетін аулақ қылсын), онда 5-8 орындарды сарапқа салатын төрттікте Латвия өрендерімен додаға түседі.

Бүгін осы екі елдің жеткіншектері кездесіп, ширек финалдық ойындарды бастады. Грекия «А» тобында үздік шығып, ал Латвия «В» төрттігінде екінші орынға ие болған болатын.

Әйтсе де, Грекия – Латвия өрендері арасындағы ойын аса тартысты өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Жартылай финалға тек біреуі ғана шығуы керек. Сондықтан пенальтиге жүгінуге тура келді. Пенальтиде 8:7 есебімен гректердің бағы жанды.

Жеңімпазды пенальти арқылы анықтау да оңай болған жоқ. Екі команданың 10 ойыншысы ортаға шығып (барлығы – 20), 11-метрлік айып соққысын орындады. Грекия қақпашысы екі соққыны тойтарды, ал біреуін латыш футболшылары қақпадан қиыс тепті.

Ширек финалдық ойындар:

Грекия – Латвия – 0:0 (пенальтиден – 8:7)

Ресей – Болгария – 3:0

16 қаңтар

Санкт-Петербург – Словакия

Қазақстан – Словения

Жартылай финал

18 қаңтар

Грекия – Қазақстан/Словения

Ресей – Санкт-Петербург/Словакия

9-16 орындар:

Беларусь – Тәжікстан – 0:0 (пенальтиден – 7:6)

Эстония – Үндістан – 2:1

Молдова – Литва – 2:2 (пенальтиден – 4:3)

Әзірбайжан – Иран – 1:0

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика