Вернуться к списку статей

Муханов сұхбат берсе де, “Ақтөбе” асығар емес...

Футбол
1K
Владимир Муханов «Оқжетпестен» кетіп, Ақтөбеге барды... Фото: okzhetpes.kz
Көкшетаудың «Оқжетпесінен» кетіп қалған Владимир Муханов «Ақтөбе» футбол клубына бас бапкер болып барған...

Владимир Мухановтың «Оқжетпестен» кетіп, Ақтөбеге барғанына да біраз болды. Бірақ ақтөбеліктер әлі тым-тырыс, тіс жарып ештеңе мәлімдейтін емес. Міне, алты күндей болды, бірақ «Ақтөбе» клубы жаңа бас бапкерін ресми түрде әлі жарияламай отыр.

Ал Владимир Муханов болса, еліміздегі кейбір спорттық басылымдарға қысқаша сұхбат беріп, ой-жоспарларымен бөлісіп те үлгерді. Негізгі мақсаттары «Ақтөбе» клубының ойынын жетілдіре түсіп, қайтадан «Астана» және «Қайрат» клубтарымен тайталаса алатын деңгейге көтеру екен.

Негізі, Владимир Муханов «Ақтөбе» клубын 2006-2012 жылдары жаттықтырған. Әрі осы командамен ерен жетістіктерге қол жеткізген. Үш рет ел чемпионы атанып (2007-2009 жылдары), екі рет күміс жүлдегер (2006 және 2010 жылдары), екі мәрте қола жүлдегер (2011 және 2012 жылдары) атанған. 2008 жылы Қазақстан кубогының иегері атанып, 2008 және 2010 жылдары еліміздің суперкубогын жеңіп алған. Сонда, жеті – жүлде, үш – кубок!

«Ақтөбенің» не үшін бас бапкерін ресми түрде әлі жарияламай отырғаны түсініксіз. Жалпы, еліміздің бес дүркін чемпионы болған команданың дәл қазіргі жағдайы – тым мүшкіл. 12 ойыннан тоғыз ұпай еншілеп, ең соңғы, 12-орында тұр. Кім біледі, мүмкін енді В.Мухановпен қайтадан ел футболының көшбасшылары қатарына еніп те қалар...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика