Вернуться к списку статей

Қазақстан – Дания кездесуіне дайындалатын ұлттық құрама тізімі

Футбол
2K
Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz
Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы кездесу 10 маусым күні Алматының «Орталық» стадионында өтеді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 маусым күні 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті кездесуін өткізіп, Алматының «Орталық» стадионында Дания құрамасын қабылдайды.

Бас бапкер Александр Бородюк бастаған жаттықтырушылар құрамы осы ойынға дайындалу үшін төмендегі футболшыларды оқу-жаттығу жиынына шақырды. Аталмыш жиынға шақыртылған футболшылар премьер-лиганың ХV туры аяқталған соң, яғни 4 маусым күні Талғардағы ұлттық құрама базасына жиналады.

қақпашылар – Давид Лория («Ертіс»), Владимир Плотников («Қайрат»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»);

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков («Астана»), Елдос Ахметов («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Юрий Логвиненко («Астана»), Дмитрий Шомко («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Григорий Сартаков («Тобыл»), Ян Вороговский («Қайрат»);

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Дидар Жалмұқан («Астана»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Георгий Жуков («Қайрат»), Максим Федин («Оқжетпес»);

шабуылшылар – Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»), Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Тобыл»).

Қосалқы құрам тізімі:

Аслан Дарабаев («Ертіс»),
Асхат Тағыберген («Тобыл»),
Виктор Дмитренко («Тобыл»),
Александр Мокин («Астана»).

kff.kz

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика