Вернуться к списку статей

“Ертісті” екі ұпайдан айырған – “Атырау”

Футбол
1K
«Ертіс» – «Атырау» – 1:1. Фото: fcirtysh.kz
«Ертіс» өз алаңында «Атырауды» ұтып жатып, жеңісті уысынан шығарып алды. Бұйырғаны – бір ғана ұпай...

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері мен жанкүйерлері – өте наразы. Жеңіп жатып, екі ұпайдан айырылып қалғандарына өзектері өртеніп, сабаларына түсе алар емес. Өйткені, өз алаңында нәтижелі ойын үлгісін көрсете алмай жүр.

«Ертіс» биыл өз алаңында жеті ойын өткізді. Соның екеуінде ұтылып қалды («Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарынан). Міне, үшінші командамен тең түсіп отыр. Павлодарда тек екі-ақ команданы жеңді («Ақжайық» пен «Таразды» ғана)...

Чемпионат кестесінде өзінен төмен орналасқан командамен ұпай бөлісу, бұл – өте өкінішті жағдай, әрине. Әсіресе, жүлделі орыннан дәмелі команда үшін... Бас бапкерінің шәкірттеріне наразы болатындай да жөні бар. Себебі, «Ертіс» футболшыларының гол соғатын мүмкіндіктері өте көп болды...

Сөйтіп, ХІІІ турдағы ең соңынан аяқталған ойын тең аяқталды. Ерке Ертіс жағасында екі голды да қорғаушылар соқты. Шабуылшылар, әсіресе алаң иелерінің алғы шептегі футболшыларынан қайыр болмады.

Матч соңында «Ертіс» ойыншылары қарқындарын үдетіп, бірнеше шабыл ұйымдастырғандарымен, тамаша мүмкіндіктерді кәдеге жарата алмады. Ал «Атырау» түзде азулы командамен өткен ойыннан бір ұпай олжалап қайтқанына – риза.      

«Ертіс» – «Атырау» – 1:1 (1:0)

Голдар: Кислицын, 27 (1:0). Обшивач, 68 (1:1).

Ескертулер: Родич, 44. Ли, 69. Воротников, 72. Сапаров, 80. Пасеченко, 90.

«Ертіс»: Лория (к), Живкович, Двали, Воротников, Кислицын, Дарабаев (Алиев, 68), Гетериев (Жұмасқалиев, 79), Родриго, Фонсека, Фофана, Джа Джедже (Бандо Нганбе, 73).

Қосалқы құрам: Калмыков, Шабалин, Есімов, Калинин, Чернышов, Ткачук.

«Атырау»: Пасеченко, Коробов, Лобжанидзе, Обшивач, Мәжитов, Сапаров, Қалмұратов, Максимович, Родич (Сүлей, 46 ), Хайруллин (к) (Джокич, 46), Двалишвили (Ли, 65).

Қосалқы құрам: Қалменов, Маров, Қайыраллиев, Нұрыбеков, Эсатов, Саломов.

Төрешілер: Алиев, Павлов, Васютин (бәрі де – Алматы)

20 мамыр. Павлодар, «Орталық» стадион. 3500 көрермен


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика