Вернуться к списку статей

Қазақстан премьер-лигасының сұрмергендері мен тасқамал қақпашылары

Футбол
2K
Үздік қақпашы мен үздік шабуылшы. Фото: fca.kz және http://fckairat.com сайттарынан
Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында биыл да «Қайраттың» шабуылы мен «Астананың» қорғанысы бөле-жара атап өтуге тұрарлықтай.

Қазақстан премьер-лигасында екінші айналым басталды. Алдағы сенбі күні ХІІІ турдың ойындары өтеді. Әзірше, биыл да ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (26 доп). Ал өз қақпасына ең аз гол жіберген клубтар – «Астана» мен «Тобыл» (8 доптан).

Бірақ биыл «Астана» да голды аз соғып жүрген жоқ. 12 ойында – 24 доп. Ал «Қайрат» 26 голды 13 ойында соқты. Яғни екеуі де әр ойында орта есеппен екі голдан соғып жүр. Сонда екеуі – әзірше тепе-тең. Тіпті гол соққан футболшыларына саны да әзірге бірдей – 9.    

Ең аз гол жіберген командаларға тоқталар болсақ. Бұл тұрғыда, әзірше «Тобыл» – алда. Қостанай клубы 13 ойында өз қақпасына сегіз доп жіберіп алды (орта есеппен – 0,61), ал «Астана» 12 матчта – сегіз гол (0,67).

«Қайраттың» шабуылшысы биыл да сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Әрі өзгелерден қара үзіп барады. Ал үздік қақпашылар тізімінде – соңғы жылдардағыдай, «Астананың» голкипері үздік. 

Бір қызығы, биыл Александр Мокин елорда клубының негізгі қақпашысы Ненад Эричті қосалқы құрам орындығына “отырғызып” қойды. Әзірше бапкерлерінің сенімін ақтап, жарақатынан айыққан серігіне мүмкіндік берер емес...


Ескерту: *+1/–1 – бір голды пенальтиден соғып, бір рет пенальтиден мүлт кетті. 


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика