Вернуться к списку статей

“Астана” “Ертістің” қақпасына екі доп енгізді

Футбол
1K
«Астана» – «Ертіс» – 2:0. Фото: fca.kz
«Астана» екінші айналымды өз алаңында бастап, ХІІ турда «Ертістен» 2:0 есебімен басым түсті.

«Ертіс» алаңға бес қорғаушы шығарды. Бес қорғаушысының алдында төрт футболшысы тұрып, екі қатар бекініс құрып, тайталасып бақты. Бірақ «Астана» қонақтарының қорғанысын бірнеше рет бұзіп өтті. Тіпті ойынның есеп ашты.

Бұл голды былтыр ғана «Ертістің» сапында ойнаған Роман Муртазаев соқты. Игорь Шитов оң қанатан допы әуелете алға асырып, оны Серікжан Мұжықов басымен сілкіп жіберіп, айып алаңының ортасына қарай тастады. Допқа Аздрен Ллуллаку ұмтылғанымен, алдынан шыққан Муртазаевтың тебуіне мүмкіндік берді.

Алаң иелерінің бұдан кейін де есепті ұлғайтатын бірнеше оңтайлы сәттері болды. Осы ойында Джуниор Кабананганың бір өзінде гол соғатын үш-төрт мүмкіндік болған. Бірақ бірде қақпашы Давид Лория қас шеберлік танытып, қауіпті шабуылды тойтарса, кейде астаналықтардың өздері асып-сасып, мүлт кетті.

Әйтсе де, ойынның аяғына қарай «Астана» есепті еселеді. Твумаси мен Кабананга оң қанатпен қатарласа жүгіріп, Патрик айып алаңының ішіне кірген соң допты шабуылшысының аяғына салып берді. Джуниордың тепкен добын Лория тағы да тойтарған. Бірақ кері ұшқан доп жалғыз тұрған Жалмұқанның оңай олжасына айналды. Дидар бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Бұл ойында «Астана» футболшылары допты өздерінде көп ұстап, қонақтарын арлы-берлі жүгіртті. Толассыз шабуылдап, өз қақпаларына қарай тықсырып тастады. «Ертіс» ойыншыларының қарсы шабуыл ұйымдастыратын мүмкіндіктері де аса көп болған жоқ.        

«Астана» – «Ертіс» – 2:0 (1:0)

Голдар: Муртазаев, 13. Жалмұқан, 79.

Ескертулер: Шомко, 57 – Калинин, 27. Фофана, 32. Алиев, 62. Фонсека, 64.

«Астана»: Мокин, Шитов, Логвиненко, Аничич, Шомко (к), Маевский, Граховац, Мужиков (Бейсебеков, 89), Ллуллаку (Твумаси, 65), Муртазаев (Жалмұқан, 76), Кабананга.

Қосалқы құрам: Эрич, Жақыпбаев, Наджарян, Прокопенко, Жүнісов, Постников

«Ертіс»: Лория (к), Живкович, Ткачук, Воротников, Двали, Кислицын, Родриго, Калинин (Шабалин, 76), Алиев (Жұмасқалиев, 81), Фонсека (Джедже, 71), Фофана.

Қосалқы құрам: Калмыков, Нганбе, Попов, Чернышов, Гетериев, Есімов

Төрешілер: Гаузер, Виноградов (екеуі де – Петропавл), Филоненко (Тараз)

14 мамыр. Астана. «Астана Арена» стадионы. 8 000 көрермен


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика