«Атырау» мен «Ақтөбе» екі сағат арпалысты
«Атырау» өз алаңында бас бапкерсіз қалған «Ақтөбені» әзер ұтты. Матчтың негізгі уақытында екі команда да гол соға алмай, ойын қосымша екі экстра таймға ұласты. Енді пенальти жүгінуге тура келер деп отырғанда, алаң иелері соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.
«Ақтөбе» Украина маманы Игорь Рахаевты қызметінен босатып, бас бапкер қызметін уақытша басқа Игорге, яғни Прохницкийге жүктеген болатын. Жергілікті маман команда сапындағы біразилиялықтардың біреуін ғана алаңға шығарды.
«Атырау» – «Ақтөбе» – 0:0 (қосымша уақытта – 1:0)
Гол: Родич, 119.
Ескертулер: Двалишвили, 19. Қайыраллиев, 74. Нұрыбеков, 104. Родич, 120. Әбдірахманов, 120+1 – Шурыгин, 13. Воловик, 69. Тотай, 80. Гуйе, 106.
«Атырау»: Пасеченко, Әбдірахманов, Лобжанидзе, Обшивач, Коробов, Джокич, Саломов (Сүлей, 46), Максимович (Нұрыбеков, 70), Қайыраллиев, Хайруллин (к), Двалишвили (Родич, 46).
Қосалқы құрам: Қалменов, Мәжитов, Қалмұратов, Ли, Маров, Сапаров
«Ақтөбе»: Отарбаев, Қайыров, Воловик, Гуйе, Кәкімов, Шурыгин (Айтбаев, 74), Тотай (Аслан, 80), Шестаков (к), Барбоса, Байтана (Зенькович, 58), Ермаченко.
Қосалқы құрам: Сидельников, Диас Морейра, Витор, Юри Альмейда, Әбдукәрімов, Жұмағали
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Жаппасбаев (Қызылорда), Бельский (Тараз)
10 мамыр. Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 4 000 көрермен
«Қайрат» «Ертісті» үшінші матчта жеңді
«Қайрат» пен «Ертіс» 4 сәуірден бері үш рет кездесті. Бұған дейінгі екі матч Қазақстан чемпионаты аясындағы ойындар болатын. Екеуі де тең аяқталған-ды (1:1 және 3:3). Павлодарда өткен соңғы ойында Алматы клубы ұтылып қала жаздаған.
Бүгінгі ойынның тең аяқталуы мүмкін емес болатын. Себебі бұл – кубок жолындағы дода. Жартылай финалға тек біреуі шығуы керек. «Ертіс» алаң иелерінің алғашқы қарқындарына төтеп бере алмай қалды.
«Қайрат» ойынның басында есеп ашып, алға шықты. Әрі онымен шектелмей, бірінші таймның аяғына қарай есепті еселей түсті. Иво Иличевич допты әуелі жападан-жалғыз тұрған Жерар Гоудың аяғына салып берсе, 44-минутта өзі «Ертістің» қорғаушылары мен қақпашысын қапы қалдырды.
«Ертіс» екінші таймда қанша тырысқанымен, гол соға алмады. «Қайрат» сауатты қорғана білді. Ал ойынның соңында екі команданың ойыншылары қақтығысып қалып, Исламбек Қуат пен Фонсека алаңнан қуылды.
«Қайрат» – «Ертіс» – 2:0 (2:0)
Голдар: Гоу, 8. Иличевич, 44.
Ескертулер: Сүйімбаев, 89 – Джедже, 41.
Алаңнан қуылғандар: Қуат, 89 – Фонсека, 89.
«Қайрат»: Плотников, Вороговский, Қуат, Ахметов, Сүйімбаев, Жуков, Бакаев, Исламхан (к) (Балтабаев, 22), Иличевич, Исаэль (Тұрысбек, 76), Гоу (Анене, 74)
Қосалқы құрам: Грубов, Қуантаев, Қасым, Әбікен, Аршавин
«Ертіс»: Калмыков, Есімов, Ткачук, Воротников, Двали, Живкович (Калинин, 81), Антонио, Дарабаев, Попов (Жұмасқалиев, 46), Джедже (Фофана, 46), Фонсека.
Қосалқы құрам: Капанов, Чернышов, Алиев, Смайылов, Шабалин, Бандо.
Төрешілер: Исқақов, Құсайынов (екеуі де – Астана), Богданов (Семей)
10 мамыр. Алматы. «Орталық» стадион. 6 500 көрермен