Вернуться к списку статей

“Ақтөбе” төмен сырғып, “Тараз” алға жылжып барады

Футбол
2K
«Ақтөбе» – «Тараз» – 1:1. Фото: fc-aktobe.kz
Соңғы екі турда жеңілістің кермек дәмін татқан «Ақтөбе» өз алаңында «Тараздан» да ұтылып қала жаздап, жанкүйерлерін қобалжытты.

«Ақтөбе» бұл ойынды биылғы маусымда алғаш рет Қобыланды батыр атындағы «Орталық» стадионда өткізді. Бірақ стадионға жиналған сегіз мың көрермен жергілікті команданың ойын өрнегіне риза болды деп айта алмаймыз.

Керісінше, команданың турнир кестесіндегі дәл қазіргі жағдайына алаңдаулы секілді. Өйткені Қазақстанның бес дүркін чемпионы соңғы 11 жылда бірінші рет 11-орында табан тіреп тұр. Команда жанкүйерлерінің бас бапкер мен басшыларына деген өкпелері – қара қазандай...

Бірінші тайм ортасынан ауғанда қонақтар гол соғып, аалң иелерін әбден састырды. Өз жанкүйерлері алдындағы алғашқы матчта ұтылып қалса, ешкім де маңдайларынан сипай қоймас еді. Сондықтан «Ақтөбе» атойлап алға шапты.

Бірақ биыл Қазақстан премьер-лигасындағы ең аз гол соғатын командаға айналған «Ақтөбе» таразы басын оңайшылықпен теңестіре алмады. Ал жауапты голды айрықша сенім артып отырғанлегионерлер емес, Тараз футболының түлегі Бауыржан Байтана соқты...

«Тараздың» бас бапкері Ваит Талгаев жеңісті устарынан шығарып алғандарына өкінеді. Тіпті төрешілерге де көңілі толмайтындай. Бірақ өз шәкірттерінің Ақтөбеде табан тіресе додаға түсіп, жанкештілік танытқандарына ырза болғаны байқалады.    

«Ақтөбе» – «Тараз» – 1:1 (0:1)

Голдар: Фещук, 27 (0:1). Байтана, 57 (1:1).

Ескертулер: Барбоса, 27. Юри Алмейда, 33. Шестаков, 44. Витор, 45+1 – Шадманов, 39, Құрғулин, 45+1. Райымбек, 87. Мухаметшин, 90+2.

«Ақтөбе»: Сидельников (к), Кәкімов, Воловик, Гуйе, Розыбакиев (Тотай, 46), Барбоса, Витор, Торрес (Диас Морейра, 46), Шестаков, Байтана (Зенькович, 61), Юри Алмейда.

Қосалқы құрам: Отарбаев, Ермаченко, Әбдукәрімов, Айтбаев, Қайыров, Шурыгин.

«Тараз»: Бабаханов, Құрғулин (к) (Әмірханов, 87), Шипицин, Миюшкович, Диара (Молтусинов, 11), Шадманов, Зайнутдинов (Райымбек 71), Таубай, Фещук, Горбанец, Мухаметшин.

Қосалқы құрам: Сатыбалдин, Морис, Нұралы, Байжанов, Азовский, Қожамберді

Төрешілер: Чеховский, Құсайынов, Әубәкіров (бәрі де – Астана)

02 мамыр. Ақтөбе. «Орталық» стадион. 8 000 көрермен



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика