Біз бұл тізімді аздап толықтырып жариялап отырмыз. Биыл Түркияда лаңкестік әрекеттер тыйылмай тұрса да, клубтарымыздың көбісі жылда барып үйреніп қалған жерлерінде жаттығуды жөн санапты. Тек «Астанаға» ғана Дубайға ұшқан.
«Астана»
Оқу-жаттығу жиыны: Біріккен Араб Әмірлігінде, 15 қаңтар – 1 ақпан.
Жолдастық кездесулер: 28 қаңтарда – «Рига» (Латвия), 31 қаңтарда – «Чонбук Хендэ» (Оңтүстік Корея),
«Қайрат»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 5 – 20 қаңтар.
Жолдастық кездесулер: 12 қаңтарда – «Кукеси» (Албания), 19 қаңтарда – «Оренбург» (Ресей).
«Ертіс»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 9 – 22 қаңтар.
Жолдастық кездесулер – әлі жарияланған жоқ
«Ордабасы»
Оқу-жаттығу жиыны: Шымкентте, қазір – Түркияда (5 – 20 қаңтар).
Жолдастық кездесулер – Бір ойын өткізді: «Беерсхот» (Бельгия) – 0:1
«Оқжетпес»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 10 – 24 қаңтар.
Жолдастық кездесулер – Өткізген ойындары: «Кундуспор» (Түркия) – 8:1, «Қайсар» – 0:0, «Тобыл» – 0:0.
«Ақтөбе»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 12 қаңтардан – 1 ақпанға дейін.
Жолдастық кездесулер: 22 қаңтарда – «Анжи» (Ресей).
«Тобыл»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 4 – 19 қаңтар.
Жолдастық кездесулер: 11 қаңтарда – «Фламуртари» (Албания), 31 қаңтарда – "Динамо" (Мәскеу).
«Атырау»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 10 – 27 қаңтар.
Жолдастық кездесулер: Өткізген ойыны, Анталия клубы – 11:0 (22 желтоқсан)
«Шахтер»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 10 – 28 (?) қаңтар.
Жолдастық кездесулер – әлі жарияланған жоқ («Шахтер» 8 қаңтар күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты Стамбулға ұшып кете алмады. Енді ертең ұшулары керек).
«Ақжайық»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 8 – 28 қаңтар.
Жолдастық кездесулер: 20 қаңтарда – «Меппен» (Германия)
«Алтай»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, 6 – 21 қаңтар.
Жолдастық кездесулер – әлі жарияланған жоқ.
«Қайсар»
Оқу-жаттығу жиыны: Түркияда, Қызылорда клубының бір бөлігі кеше Астанадан Стамбулға ұшып барды. Ал Шымкент – Алматы – Стамбул – Анталия бағытымен жетуі керек болған екінші бөлігі кеше діттеген жерлеріне жете алмады. Олардың рейстері екі рет кейінге шегеріліпті. Бүгін таңертең Стамбулға ұшып кетулері керек болатын.