Вернуться к списку статей

“Оқжетпес” пен “Ақтөбе” – Муханов бұрынғы командасын жеңді

Футбол
1K
«Оқжетпес» – «Ақтөбе» – 2:1. Фото: okzhetpes.kz
Владимир Муханов «Оқжетпеспен» өзі бұрын жеті жыл жаттықтырып, Қазақстан чемпионатының жеті жүлдесін жеңіп алған команданы жеңді.

Тоғызыншы турда Владимир Мухановтың қазіргі және бұрынғы командалары кездесті. Ресей маманы «Ақтөбені» 2006 – 2012 жылдар аралығында жаттықтырған. Үш рет чемпион атанып, екі рет күміс, екі мәрте қола жүлдегер атанған. Ел кубогын да жеңіп алған. Бүгін сол команданы жеңді.

«Оқжетпестің» қазіргі жағдайы нашар еді. Бес ұпаймен 10-орында тұрған. Ал «Ақтөбе» өзінен бір саты ғана жоғары орналасқан-ды. Жеңіс ауадай қажет болатын. Көкше клубы жанкештілік танытты. Ойынның басындағы және соңындағы секундтарда екі гол соқты.

Айтпақшы, бұл ойындағы үш голды да «Оқжетпес» футболшылары соқты. Әуелі матч басталған бетте, 17-секунда (!) Шафф ақтөбеліктердің қателіктерін пайдаланып, есеп ашты.

Көп ұзамай, «Ақтөбе» таразы басын теңестірді. Доп ойынға бұрыштан қосылып, Асланбек Кәкімов оны қақпаға дәлдеп тепкен. Бірақ Көкшенің қорғаушысы Даниил Чертов оны кері қайтрмақ болып, өз қақпасына енгізді. Кім біледі, ол теппесе де, доп қақпаға кіріп бара жатқандай еді...

Содан екі команда матч аяғына дейін табан тіресе додаға түсті. Екеуінің де мүмкіндіктері болды. Бірақ 90 минут аяқталғанша гол соғудың сәті түспеді. Ал матчтың негізгі уақытына қосылған қосымша минуттың аяғында Тимур Досмағамбетов басымен гол соғып, «Оқжетпеске» үш ұпай әперді.

«Оқжетпес» – «Ақтөбе» – 2:1 (1:1)

Голдар: Шафф, 1 (1:0). Чертов, 11-автогол (1:1). Досмағамбетов, 90+1 (2:1).

Ескертулер: Хорват, 61. Чертов, 65. Федин, 79. Дайыров, 87 – Торрес, 27. Зенькович, 30.

«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Дайыров, Чертов, Струков, Марочкин, Волков (Кейлер, 60), Хорват, Федин (Досмағамбетов, 87), Юрин, Политыло, Шафф (Генков, 71).

Қосалқы құрам: Әбжанов, Козлов, Недашковский, Куксин, Аяғанов, Нұрғалиев

«Ақтөбе»: Отарбаев (к), Қайыров, Воловик, Аслан, Кәкімов, Диас Морейра (Тотай, 84), Барбоса, Шестаков, Торрес, Байтана (Юри Альмейда, 55), Зенькович.

Қосалқы құрам: Сидельников, Ермаченко, Розыбакиев, Айтбаев.

Төрешілер: Гаузер, Виноградов (екеуі де – Петропавл), Будниченко (Екібастұз)

29 сәуір. Астана. «Тарлан-Арена» стадионы. 950 көрермен


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика