Вернуться к списку статей

“Ордабасы” “Шахтерді” Теміртауда тізерлетті

Футбол
1K
Соңғы екі ойында үш гол соққан – Кирило Ковальчук (ортада). Фото: fcordabasy.kz
«Шахтер» тоғызыншы турда «Ордабасы» клубынан ұтылып, соңғы орыннан бір-ақ шықты.

«Шахтерге» шегінетін жер қалмады. Соңғы екі турда тең түсіп, ойын өрнегі енді түзеліп келе жатқандай еді. Бүгін тағы ұтылды. Бұл – бесінші жеңілісі (бір ойыны кейінге шегерілген). Енді облыс әкімі кешіре қояр ма екен...

Жалпы, «Шахтерге» басқа бас бапкер іздеу керек шығар. Ресейлік Алексей Еременко өз қабілетінің бәрін сарқып болған сияқты. Оның біліктілігі былтыр кеншілер клубын премьер-лигада “алып қалуға” ғана жеткен сыңайлы...

«Ордабасы» клубына да жеңіс ауадай қажет еді. Соңғы екі турда ұтылып қалғып, жанкүйерлерін жерге қаратқан. Өз алаңында «Тобылға» есе жіберіп алғаны тез ұмытыла қойсын ба?! Бір көңіл аударарлығы, қақпашысын ауыстырыпты. Бүгін Темітауда жеңіске жетіп, сол өкінішін аз да болса, басқандай болды.

Екі голды да Кирило Ковальчук соқты. Әсіресе ойын басталған бетте, кеншілер қақпасын дәл көздеп, алаң иелерін «нокдаунға» түсіргені неге тұрады... Айтпақшы, өткен турда «Тобылдың» қақпасына да осы ойыншы доп салған...

«Ордабасының» шабуылшылары қашан ширайды екен. Екі гол соққан Таңат Нөсербаевты айтпаймыз. Мақтаулы легионерлері қайда? Қашан гол соғады? Бастапқы турларда Мардан Төлебек үш гол соғып, оларға “шаң жуытпай” жүрді. Енді украин Ковальчук...      

«Шахтер» – «Ордабасы» – 1:2 (0:2)

Голдар: Ковальчук, 3 (0:1). Ковальчук, 37 (0:2). Шахметов, 56 (1:2).

Ескертулер: Тәттібаев, 48. Станоевич, 81 – Ерланов, 75.

«Шахтер»: Багинский, Пикалкин (Мангуткин, 70), Василевич, Скорых (к), Сзоке, Айегбуси, Зошак, Шахметов (Өміртаев 60), Станоевич, Тәттібаев, Васильев (Стоянович, 46).

Қосалқы құрам: Ткачук, Аллегриа, Хайруллин, Әлімбаев.

«Ордабасы»: Нұрмұхаметов, Смақов, Фонтанелло, Ерланов, Төлебек, Диакате, Бочаров, Ковальчук, Нұрғалиев (к) (Бейсенов, 90+3), Нөсербаев (Бөлешев, 88), Йорданов (Тұңғышбаев, 69).

Қосалқы құрам: Бекбаев, Гейнрих, Марцваладзе, Гогуа, Абдулин, Адырбеков

Төрешілер: Рахымбаев, Шабанов (екеуі де – Алматы), Субботин (Талдықорған)

29 сәуір. Теміртау. «Металлург» стадионы. 1 500 көрермен


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика