Вернуться к списку статей

Биылғы маусымды Гранаткин турнирімен бастаймыз

Футбол
1K
Қазақстан бозбалалары 2016 жылғы Гранаткин мемориалында. Фото: granatkin.com
Қазақстан футболы үшін биылғы маусым 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ХХІХ Гранаткин мемориалымен басталады.

Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі, халықаралық Гранаткин турнирі 7-22 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Оған 1999 жылы және одан кейін туған бозбалалардан жасақталған 16 құрама қатысады. Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан құрамасы «С» тобына түскен.

«А» тобы: Тәжікстан, Грекия, Болгария, Эстония.
«В» тобы: Латвия, Беларусь, Ресей, Үндістан.
«С» тобы: Литва, Әзірбайжан, Словакия, Қазақстан.
«D» тобы: Молдова, Словения, Санкт-Петербург, Иран.

Бүгін Қазақстан U-19 құрамасы Талғардағы ұлттық құрама базасына жиналып, екінші оқу-жаттығу жиынын бастайды. Алғашқы жаттығу жұмыстары желтоқсан айының үшінші бөлігінде өткен болатын.

Енді Қазақстан U-19 құрамасының халықаралық Гранаткин мемориалындағы ойындар күнтізбесімен таныс болыңыздар:

09.01.2017: Қазақстан – Словакия

11.01.2017: Қазақстан – Әзірбайжан

13.01.2017: Қазақстан – Литва

14-21 қаңтар: жартылай және ширек финалдық ойындар мен финалдық матчтар

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика