Вернуться к списку статей

“Шахтер” мен “Қайраттың” жастары Бірінші лигада жеңіске жетті

Футбол
1K
«Шахтер-Болат» – «Каспий» – 1:0. Фото: shahter.kz
Бүгін Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында екінші турдың екі ойыны өтіп, екеуінде де алаң иелері бір доп айырмасымен жеңіске жетті.

Кеншілер маусымды жеңіспен бастады

Өткен турда қарсылассыз қалған (бірінші лигада тоғыз-ақ команда ойнайды) «Шахтер-Болат» биылғы маусымдағы алғашқы ойынын өткізді. Теміртауда Ақтау клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері көп шабуылдағанымен, бұл ойында екі команда да қақпаға көп соққы бағыттай алмады. Бір-біріне негізінен айып соққылары мен бұрыштама соққысын орындағанда қауіп төндіріп отырды.

Екінші таймда «Шахтер-Болат» командасы ойынға тың футболшыларын шығарып, қарқындарын үдетті. Жалғыз гол бұрыштама соққысынан кейін соғылды. «Каспий» шабуылшылары алаң иелерінің қақпашысынан айлаларын асыра алмады.

«Шахтер-Болат» – «Каспий» – 1:0 (0:0)

Гол: Щербаков, 76.

Ескертулер: Тарасов, 50. Бернацкий, 57.

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Наркескен, Әбенов, Тарасов, Бурдейный, Оспанов, Ветров (Гасанов, 70), Бернацкий, Жолшорин, Ахмеев (Щербаков, 58), Жүсіпов (Диқанбаев, 60)

Қосалқы құрам: Матаев, Буртовой, Базарнов, Шәкен, Лунев, Наурызбаев.

«Каспий»: Мұқанов, Чалкин, Коне, Пурышкин (Алқамбеков, 83), Қадырбаев, Жанысбаев, Рымтаев (Тәйкенов, 77), Ешенқұл (Оразаев, 65), Қабылан, Мусса (Нәбиханов, 71), Узденов.

Қосалқы құрам: Аязбаев, Қуанышев, Жақыпов

Төрешілер: Исмұратов, Құсайынов (екеуі де – Астана), Долгих (Павлодар)

22 сәуір. Теміртау. «Металлург» стадионы. 200 көрермен


«Қайрат» жастарының алғашқы жеңісі

Бірінші турда құрамында тәжірибелі футболшылары көп «Жетісу» клубынан ұтылып қалған (0:3 есебімен) «Қайраттың» жастары бүгін жеңіске жетті. Бұл – Алматы жастарының Бірінші лигадағы алғашқы жеңісі.

«Екібастұз» футболшылары болса, екінші рет ұтылып, соңғы орынға табан тіреді. Бірінші турда Шымкентте «Қыран» футболшыларынан оңбай ұтылып қалған болатын (0:3).   

«Қайрат А» – «Екібастұз» – 1:0 (0:0)

Гол: Мұсаев, 59.

Ескертулер: Жағыппар, 13. Сәрсенов, 42. Хабаев, 78. Омашев, 85 – Сүлейменов, 35. Бегалин, 78.

«Қайрат А»: Караваев, Әбікен, Қасым, Жағыппар (Қыбырай, 90), Омашев, Балтабаев, Парагульгов (Гладченко, 68), Мұсаев, Кривенцев (Нүсіп, 73), Сматов (Хабаев, 57), Сәрсенов.

Қосалқы құрам: Нұрәділ, Люхай, Оразов, Котов, Қыдырәлі.

«Екібастұз»: Айдарғалиев, Рамазанов, Оразалиев, Еркен (Әнуарбеков, 70), Аллаяров, Бралин, Бурцев, Головешкин (Джамаришвили, 65), Назаров, Сүлейменов, Саденко (Бегалин, 70).

Қосалқы құрам: Нарымбаев, Әбдібеков, Айменов, Берсүгіров, Жұмкенов, Зейноллин.

Төрешілер: Филатов (Сарань), Шевелев (Семей), Ерошенко (Сәтбаев)

22 сәуір. Алматы. Т.С.Сегізбаев атындағы стадион. 300 көрермен 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика