«Қыран» – «Атырау» – 1:2 (1:1)
Әуелі Шымкентте «Қыран» мен «Атырау» додаға түсті. Оңтүстік Қазақстан облысы клубы жанкештілік танытып, премьер-лига клубына дес берген жоқ. Тіпті бірінші тайм ортасынан ауа гол соғып, алға шықты. Одан кейін қонақтарының шабуылдарын тойтарумен болды.
Алайда бірінші таймның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттарда алаң иелері ойын ережесін бұзып, төреші пенальти берді. Максимович мүлт кеткен жоқ. Таразы басын теңестірді.
Екінші таймда алаң иелері тайталасып бақты. Қонақтарының шабуылдарын тойтарып, өздері де қарсы шабуыл ұйымдастыруға тырысты. Алайда матч соңында деңгейі жоғары «Атырау» тағы бір гол соғып, жеңіске жетті. Ал «Қыран» намысты қолдан бермей, қайсарлық танытып, көпшілікті тәнті етті.
Голдар: Жақсылық, 26 (1:0). Максимович, 45+3-пенальтиден (1:1). Қайырәллиев, 85 (1:2).
Ескертулер: Әліпбек, 30. Жақсылық, 37. Абутов, 46. Сүлейменов, 73. Бөрібай, 90 – Обшивач, 41. Әбдірахманов, 45. Лобжанидзе, 58.
«Қыран»: Қаленов, Сүлейменов (Тұрсын, 80), Абутов, Ақымбеков, Жолдасов (Жақсыбайұлы 67), Аллашүкіров, Жақсыбеқ (Бөрібай, 46), Ермұрзаев, Әметов (к), Манекеев, Әліпбек.
Қосалқы құрам: Тоқтарбай, Тілеумбет, Әліпбеков, Ермекұлы, Фоменков
«Атырау»: Пасеченко, Лобжанидзе, Обшивач, Максимович, Қалмуратов (Коробов, 70), Нұрыбеков (Маров, 46), Әбдірахманов, Сапаров (Қайырәллиев 61), Сүлей, Хайруллин (к), Ли.
Қосалқы құрам: Жомартов, Мәжитов, Арменов, Төлиев.
Төрешілер: Лесив, Богданов, Якбаров (бәрі де – Семей)
19 сәуір. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 700 көрермен
«Мақтаарал» – «Оқжетпес» – 1:4 (0:4)
Бұл ойында «Мақтаарал» есесін жібермес деп ойлағанбыз. Бұл команда Бірінші лиганың алдыңғы легінде жүрген, біршама шыңдалған ұжым болатын. Ал «Оқжетпес» – әзірше премьер-лигадағы аутсайдерлердің бірі.
Алайда іс жүзінде бәрі де керісінше болып шықты. «Оқжетпес» бар ашуын «Мақтааралдан» алғандай болды. Бірінші тайм ортасынан ауа үш гол соқты. Ал ойынның бірінші жартысы аяқталуға айналғанда, алаң иелерін төртінші рет қапы қалдырды.
Екінші таймда «Мақтаарал» бір соғып есепті қысқартқаннан әріге бара алмады. Ал «Оқжетпес» ірі жеңіске қол жеткізіп, баға жетпес қуат алды. Бұл жеңіс оларды жігерлендіріп, енді премьер-лига аясындағы ойындарына ерекше құлшыныспен дайындалатындары сөзсіз...
Голдар: Марочкин, 14 (0:1). Федин, 21-пенальтиден, (0:2). Юрин, 26 (0:3). Чертов, 43 (0:4). Алекперзаде, 59 (1:4).
Ескертулер: Зверев, 20. Оралбай, 40. Саурамбаев, 80. Махамбетов, 80. Шубаев, 90+1 – Генков, 80.
«Мақтаарал»: Кувшинов, Лебединский, Задорожный (к), Зверев, Каримов, Махамбетов, Саурамбаев, Арипов, Аулабаев (Шубаев, 46), Ілімов (Алекперзаде, 31), Оралбай, (Нәбиев, 46).
Қосалқы құрам: Сивожелезов, Бақтиаров, Ілиясов, Құлымбетов, Орынбеков, Жақсылық
«Оқжетпес»: Голубничий, Чертов, Струков, Марочкин, Кейлер, Волков (к), Федин, Юрин (Шайыхов, 46), Дайыров, Политыло (Генков, 58), Шафф (Сламбеков, 81).
Қосалқы құрам: Стаменкович, Недашковский, Куксин, Аяғанов, Досмағамбетов, Әбілғазы
Төрешілер: Омаров, Жаспенов, Дауанов (бәрі де – Алматы)
19 сәуір. Атакент қонысы. «Алпамыс Батыр» стадионы. 1 500 көрермен