Вернуться к списку статей

Қазақстан бозбалалары “УЕФА Даму кубогына” қатысады

Футбол
2K
Талғардағы оқу-жаттығу жиыны. Фото: kff.kz
Қазақстан-U17 құрамасы сәуір айының аяғында Црна Горада өтетін «УЕФА даму кубогы» халықаралық турниріне қатысады.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында оқу-жаттығу жиынын бастады, – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Жаттығу жиыны 22 сәуірге дейін созылады. Жексенбі күні Қазақстан-U17 құрамасы Црна Гораны бетке алып ұшады. Бұл елде жас футболшыларымыз «УЕФА даму кубогы» халықаралық турниріне қатысып, бақ сынайды.

Биылғы «Даму кубогы» 25-29 сәуір аралығында Црна Горада өтеді. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Црна Гора, Босния және Герцеговина жасөспірімдері қатысады.

Бұл турнирден келген бетте Қазақстан-U17 құрамасы ткғы да оқу-жаттығу жиынын өткізіп, содан кейін Таразда өтетін Антон Шохты еске түсіруге арналған халықаралық турнирда бақ сынайды.  

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Карлош Алош Ферер аталған халықаралық турнирлерге мына футболшыларды таңдап алыпты:

қақпашылар – Сергей Кляхин, Евгений Ситдиков;

қорғаушылар – Рауан Аманжол, Жалғас Жақсылықов, Нұрсейіт Асылбек, Әділжан Дүйсембаев;

жартылай қорғаушылар – Шадман Бәкіров, Бекзат Иманғазиев, Хамит Шәміл, Дархан Меделхан, Алтынбек Нағашыбаев, Руслан Джарлаев, Жавланбек Бабаназаров, Илья Дёмин, Фёдор Неумывaкин, Дмитрий Савченко, Матвей Герасимов;

шабуылшылар – Нұрасыл Ершуақ, Даниял Закария.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика