Вернуться к списку статей

“Атырау” мен “Шахтер” алтыншы турда алты гол соқты

Футбол
1K
«Атырау» – «Шахтер»– 3:3. Фото: rfcatyrau.kz
Бас бапкерсіз қалған «Атырау» VІ турда «Шахтерді» қабылдап, 3:3 есебімен тең түсті.

Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турында көш соңындағы екі команда Атырауда додаға түсті. Екеуі де бес турда ел чемпионатындағы ең көп гол жіберген командалар үштігіне кіретін. Атап айтқанда, бұған дейін «Шахтер» 10 доп, ал «Атырау» сегіз гол жіберіп алған еді.  

Әрі екеуі де ең аз соққан командалар үштігінде болатын. Бес турда қос ұжымның соққаны – үш-ақ гол. Осыдан болар екеуі бүгін Жайық жағасында гол соғудан “жарысты”. Қонақтар екі мәрте, ал алаң иелері бір рет алға шығып, ешқайсысы да жеңісті есепті уыстарында ұстап тұра алмады.

Екеуіне де қорғаушылары мен қақпашыларын “тәртіпке шақырып”, шара қолданбаса болмайтындай. Ал Саломов пен Өміртаевтың әдемі голдарына сүйсіне қол соғып қоюға болады. Жалпы, кеншілер клубына әлеуеті зор дарынды жас футболшыларына көп мүмкіндік бері керек сияқты.

Бас бапкері кеше қызметінен кеткен «Атыраудың» жаңа жаттықтырушы іздеп жатқаны белгілі. Ендігі бар үміт – жаңа бас бапкерде. Ал «Шахтер» ше? Кеншілер клубы не істейді? Қарағандылықтарға да бас бапкерін ауыстыру керек пе?

Алты турдағы ойындарын саралап, ертерек бір шара қолданып, шешім қабылдамаса, кеш болып қалуы мүмкін. Өйткені биыл премьер-лигадан екі команда түсіп қалады. Ал «Атырау» мен «Шахтер» көш соңында сүйретіліп, өзгелерден үзіліп қалып барады...  

«Атырау» – «Шахтер»– 3:3 (1:2)

Голдар: Тәжімбетов, 11 (0:1). Саломов, 28 (1:1). Хайруллин, 30 (1:2). Обшивач, 77 (2:2). Скорых, 83-автогол (3:2). Өміртаев, 90+1 (3:3).

Ескертулер: Джокич, 56. Саломов, 65.

«Атырау»: Пасеченко, Әбдірахманов, Обшивач, Лобжанидзе, Қалмұратов, Джокич, Саломов (Родич, 73), Максимович, Сүлей (Нұрыбеков, 57), Хайруллин (к) (Двалишвили, 60), Ли.

Қосалқы құрам: Жомартов, Мәжитов, Қайыраллиев, Коробов, Маров, Сапаров.

«Шахтер»: Шацкий, Скорых (к), Кадио, Айегбуси, Габышев, Сзоке (Өміртаев 85), Станоевич, Зошак, Хайруллин (Мангуткин, 72), Аллегриа (Тәттібаев, 78), Тәжімбетов.

Қосалқы құрам: Багинский, Тарасов, Шахметов, Әлімбаев.

Төрешілер: Атажанов (Шымкент), Филоненко (Тараз), Будниченко (Екібастұз).

12 сәуір. Атырау. «Судоремонтник» стадионы. 1 500 көрермен


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика