Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур ойындары өтті. Әзірге ұпай жоғалтпаған үш команда бар. Ал турнир кестесінің төрінде 100 пайыздық көрсеткішпен «Ертіс» пен «Астана» келеді.
Алдымен сенсациядан бастайық. Алматының «Қайраты» Оралға барып масқара болды. Шыны керек, «Ақжайықтан» ұтылады деп ойламаған едік. Бірақ қорғаныста сауатты ойнап, шабуылда ұтқырлықтарын көрсеткен алаң иелері қонақтарды артық адым бастырмай, тырп еткізбей ұстады. Бірінші тайм голсыз аяқталды. Барлық қызық екінші таймның еншісіне тиген еді. Алдымен парагвайлық легионер Фредди Коронелл пенальтиден «Ақжайықты» алға шығарса, араға 10 минут салып Виталий Ли есепті теңестірген. Дегенмен, бес минуттан кейін-ақ Руслан Валиуллин алматылықтардың қақпасына шешуші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады. Рас, 83-минутта «Қайратқа» абыройын сақтап қалуға мүмкіндік туған. Алайда командаға кеше ғана қосылған Леандре Тавамба пенальтиден мүлт кетті. Ойын аяқталған соң «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк «бүгін басшылыққа телефон соғам. Командада қалу-қалмасым белгісіз» деді. Дегенмен, Бородюктің «Жұлдыздар ешнәрсе шешпейді» деген сөзі ұнады. Иә-иә, «Қайрат» құрамында Гоу, Тимощук, Тавамбаның бәрі де ойнады. Тіпті, мақтаулы Андрей Аршавин де 90 минут бойы жүгіргенімен көмектесе алған жоқ.
Тағы бір күтпеген нәтиже Таразда тіркелді. Жергілікті команда «Оқжетпесті» қабылдап, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бірінші таймда екі команда да бір-бір голдан алмасқан. Алдымен Әлібек Бөлешов 11-метрлік айып добын әдемі орындаса, үзілістің аяқталуына бір минут қалғанда Марат Шахметов таразы басын теңестірген. Алайда, екінші таймда Антон Чичулин мен Бандо Нганбе үш минуттың ішінде екі гол соғып, көкшетаулықтарға жеңіс сыйлады.
«Ертіс» – «Атырау» кездесуінде де алаң иелері оп-оңай жеңіске жетеді деп ойламаған едік. Рас, бірінші тайм голсыз аяқталды. Ал екінші таймда алаңға Роман Мұртазаев шығысымен керекуліктердің ойыны гүлденіп сала берді. Алдымен Романның өзі есеп ашса, көп ұзамай Сергей Малый есепті еселеді. Матчқа нүкте қойған Гогита Гогуа. Қорытынды есеп – 3:0. Кездесу аяқталған соң «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров «ойынды өзгерткен Мұртазаев» шәкіртінен мақтауды аямады.
Дәл осындай есеп Қостанайда да тіркелді. Қосалқы стадионы «Затаболецке» көрермен лық толып, жанкүйерлерінің қолдауынан қуат алған «Тобыл» қарағандылық «Шахтер» қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Сергей Яворский мен Томаш Шимкович бірінші таймда-ақ есепті 2:0-ге жеткізсе, ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда Сергей Хижниченко биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты.
Тартысты ойындардың бірі Талдықорғанда өтті. Алаң иелері «Жетісу» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдап, 1:2 есебімен жол беріп қойды. Эдин Юнузович пен Азат Нұрғалиев бірінші таймда-ақ оңтүстік команданы алға шығарған. Бірақ 67-минутта екінші ескерту қағазын алған Еркебұлан Тұңғышбаев алаңнан қуылып, «Ордабасының» жағдайы қиындап кетті. «Жетісу» төрешінің соңғы ысқырығы естілгенше дамыл таппай, ақыры Дидье Борис Кадио соққан голдың таразы басын қысқартты. Одан әріге шамалары жеткен жоқ.
Ал турдың орталық кездесуі елордамыздың «Астана-Аренасында» өткен болатын. Жасыл алаңға былтырғы чемпион «Астана» мен қола жүлдегер «Ақтөбе» кездесіп, қай мықтыны анықтаған. Бірақ, шыны керек, «Ақтөбе» қазір жанкүйер үйренген фаворит командалардың қатарынан емес. Құрамы едәуір өзгеріп, Ресейдің екінші сұрыпты футболшыларымен толыққан. Бұл ойында көбісі елордалықтарға бәс тіккен еді. Дегенмен, Юрий Уткульбаев шәкірттері таңғалдырды. «Астанаға» әжептеуір қарсылық көрсетіп, тек 84-минутта ғана қақпаларына гол жіберіп алды.
Премьер-Лига
3-тур, 3 cәуір
«Ақжайық» — «Қайрат» 2:1 (0:0)
Голдар: Коронелл, 48-пен (1:0). Ли, 57 (1:1). Валиуллин, 62 (2:1).
83-минутта Тавамба пенальти орындай алмады.
Ескертулер: Говедарица, 3. Хромцов, 35. Багаутдинов, 90+4 — Соарес, 22. Қуат, 90+4.
«Ақжайық»: Багаутдинов, Говедарица (к), Колуния, Коронелл, Николич, Хромцов (Бегалин 51), Әбдірахманов (Тапалов 26), Валиуллин, Сергиенко (Антипов 73), Гридин, Коробов
Резерв: Қалменов, Мальцев, Омаров, Сапанов, Сәрсекенов, Шевцов
«Қайрат»: Плотников, Гоу (Қуат 77), Тимощук, Маркович (Тавамба 68), Соарес, Аршавин, Тесак, Бакаев, Дарабаев (Ли 53), Исламхан, Қуантаев
Резерв: Сидельников, Грошев, Рудосельский, Райымбек, Вороговский
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Әубәкіров (Астана), Калачев (Атырау)
Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 500 көрермен.
«Тараз» — «Оқжетпес» 1:3 (1:1)
Голдар: Булешев, 25-пен (0:1). Шахметов, 44 (1:1). Чичулин, 75 (1:2). Нганбе, 78 (1:3).
Ескертулер: Әмірханов, 37 — Еоне, 43. Чертов, 50. Қожамберді, 55.
«Тараз»: Григоренко, Мера, Данилюк (Рымтаев 81), Мане, Воротников, Әмірханов (Айтбаев 85), Д.Евстигнеев (к), Сүлей, Байтана, Шахметов, Қараман
Резерв: Докич, Баялиев, Қаримолла, Қарпық, Нұралы, Әбденәби
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Волков, Нганбе (Куксин 88), Мангуткин, Чичулин, Хайруллин (Жұмаханов 84), Бөлешев (к) (Молдақараев 81), Қожамберді
Резерв: Бабаханов, Алхазов, Ристович, Түлиев, Хохлов, Богданов
Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Айжігітов (Қызылорда), Козлов (Ақтау)
Тараз. Орталық стадион. 2 500 көрермен.
«Ертіс» — «Атырау» 3:0 (0:0)
Голдар: Муртазаев, 50. Малый, 59. Гогуа, 82.
Ескертулер: Лория, 7. Есімов, 30 — Трытко, 7. Кузьмин, 29. Эссаме, 64. Мулдаров, 90.
Қызыл қағаз: Кузьмин, 64 (екінші ескерту)
«Ертіс»: Лория (к), Гогуа, Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Джаллоу (Фалль 85), Фернандес (Муртазаев 46), Гетериев, Кислицын (Есімов 26), Ахметов, Малый
Резерв: Цирин, Керла, Сартаков, Әлиев, Воменко, Попов
«Атырау»: Нәрзіқұлов (к), Ламанж, Эссаме, Аржанов, Шарпар (Шабалин 60), Трытко (Макась 57), Балтаев, Мулдаров, Кузьмин, Қонысбаев (Дамчевски 69), Коробкин
Резерв: Куртеян, Чуреев, Эсатов, Сапаров, Жомартов
Төрешілер: Холматов (Қызылорда), Васютин (Алматы), Панин (Қостанай)
Павлодар. Орталық стадион. 5 000 көрермен.
«Тобыл» — «Шахтер» 3:0 (2:0)
Голдар: Яворский, 27. Шимкович, 38. Хижниченко, 82.
Ескертулер: Мухутдинов, 21. Дмитренко, 89. Хижниченко, 90+4 — Сзоке, 49. Финонченко, 83.
«Тобыл»: Логиновский, Деак, Жулпа (Джалилов 56), Н’Диайе, Шимкович (Досмағамбетов 85), Яворский, Главина, Дмитренко, Жұмасқалиев (к) (Хижниченко 70), Мирошниченко, Мухутдинов
Резерв: Петухов, Кассай, Агайсин, Левин, Кургулин, Эльмурзаев
«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Садовничий, Курилов, Сзоке, Нұрыбеков (Ягуби 63), Габышев, Ермеков (Тәттібаев 63), Пикалкин, Байжанов (к), Скорых (Финонченко 72)
Резерв: Ткачук, Горячий, Дубков, Өміртаев, Васильев
Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Құсайынов (Астана), Қошқаров (Алматы)
Затобольск кенті, «Затоболец» стадионы. 3 000 көрермен.
«Жетісу» — «Ордабасы» 1:2 (0:2)
Голдар: Юнузович, 25 (0:1). Нұрғалиев, 38 (0:2). Кадио, 90 (1:2).
Ескертулер: Рудик, 28. — Симчевич, 27. Тұңғышбаев, 33. Бойченко, 80.
Қызыл қағаз: Тұңғышбаев, 67 (екінші ескерту).
«Жетісу»: Шабанов (к), Джалович, Кадио, Клайн, Моисов (Симоновски 46, Сағындықов 72), Савич, Рудик (Демель 46), Әмірсейітов, Тұрысбек, Калинин, Азовский
Резерв: Пасеченко, Әділханов, Мыңбаев, Шабаев, Боровский, Балғабаев
«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто, Касалица, Симчевич, Трайкович, Юнузович, Абдулин, Нұрғалиев (к) (Бейсенов 89), Сүйімбаев, Тұңғышбаев
Резерв: Бекбаев, Гейнрих, Әшірбеков, Ирисметов, Төлебек, Қожабаев, Қайқыбасов, Ерланов
Төрешілер: Әлиев (Алматы), Бельский (Тараз), Виноградов (Петропавл)
Талдықорган. «Жетісу» қосалқы стадионы. 1 500 көрермен.
«Астана» — «Ақтөбе» 1:0 (0:0)
Гол: Твумаси, 83.
Ескертулер: Шомко, 59 — Жаңғылышбай, 27. Қайыров, 44.
«Астана»: Эрич, Постников (Логвиненко 78), Аничич, Каньяс, Твумаси, Деспотович, Максимович, Бейсебеков, Шомко, Нөсербаев (к) (Щеткин 67), Тағыберген (Абдурахими 79)
Резерв: Мокин, Жақыпбаев, Гурман, Күлбеков, Шайыхов, Наджарян
«Ақтөбе»: Отарбаев, Давлатов (Жалмұқан 5, Цвейба 73), Куаджа, Петролай (к), Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Қайыров, Кәкімов (Смақов 76), Шестаков, Жаңғылышбай
Резерв: Тамабай, Азовский, Жұмашев, Тотай, Айымбетов
Төрешілер: Абданбаев, Полуэктов (екеуі де — Тараз), Дерцапф (Орал)
Астана. «Астана-Арена» стадионы. 7 500 көрермен.