Вернуться к списку статей

Бірінші лигада – 10, екінші лигада – 14 команда

Футбол
2K
Фото fckyzyl-zharsk.kz сайтынан
Футболдан ХХV Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші лигаларында додаға түсетін командалар құрамы бекітілді.

Бірінші лигада – 10 команда

Кеше ҚР Кәсіпқой футбол лигасында І-лига күнтізбесінің жеребесі тартылып, бірінші турда кездесетін командалар жұбы анықталды. Бірінші тобымыздағы ойындар күнтізбесінің толық тізбесі Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жарияланкы керек.

Бірден айта кетейік, биыл ел чемпионатының І-лигасында 10 команда додаға түседі. Ал былтыр 13 команда ойнаған болатын. Шығыс Қазақстан облысында «Восток» пен «Спартактың» орнына «Алтай» деген команда құрылса, ЦСКА мен «Лашын» (Қаратау) биыл деңгейі жағынан еліміздегі екінші топта сынға түсетін ұжымдар арасында жоқ.

Сонымен І-лигадағы бірінші турда кездесетіндер:

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Қызыл-Жар СК» (Петропавл);

«Мақтараал» (Атакент, ОҚО) – «Қайсар» (Қызылорда);

«Каспий» (Ақтау) – «Алтай» (ШҚО);

«Қыран» (Шымкент) – «Екібастұз» (Екібастұз);

«Бәйтерек» (Астана) – «Шахтер-Болат» (Теміртау).

Екінші лигада – 14 команда

ҚР Кәсіпқой футбол лигасында кеше биыл ІІ-лигада додаға түсетін командалар құрамы да бекітілді.

Екінші лигадағы командалардың басым бөлігі – премьер-лига клубтарының жастар арасындағы құрамдары. Еліміздегі деңгейі ең жоғары топта бақ сынайтын 12 клубтың жастарымен Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының екі ұжымы доп тебеді.

1. «Ақжайық» (U-21)

2. «Ақтөбе» (U-21)

3. «Астана» (U-21)

4. «Атырау» (U-21)

5. «Жетісу» (U-21)

6. «Ертіс» (U-21)

7. «Қайрат» (U-21)

8. «Оқжетпес» (U-21)

9. «Ордабасы» (U-21)

10. «Тараз» (U-21)

11. «Тобыл» (U-21)

12. «Шахтер» (U-21)

13. «Рузаевка» (СҚО)

14. Шымкент қалалық № 7 БЖСМ

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика