Вернуться к списку статей

Отандық бапкерлер ұлттық құрамаға шақырған футболшылар

Футбол
2K
Фото kff.kz сайтынан
Қазақстан ұлттық құрамасын екі жолдастық кездесуге дайындауға бекітілген бапкерлер құрамы осы матчтарда ел намысын қорғайтын футболшылар тізімін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық кездесулерінде жетекшілік ететін бапкерлер құрамын жариялаған.

Атап айтқанда, алдағы Әзірбайжан және Грузия футболшыларымен өтетін жолдастық кездесулерде Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов, Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Феропонтов сынды өз мамандарымыз жаттықтырады.

Аталған бапкерлер құрамы құрама сапына мына футболшыларымызды шақыртыпты:

қақпашылар – Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Ростов», Ресей), Владимир Плотников («Қайрат»);

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков («Астана»), Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Сергей Малый («Ертіс»), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»).

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Жақып Қожамберді(«Оқжетпес»), Асхат Тағыберген («Астана»), Самат Смақов («Ақтөбе»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Ұлан Қонысбаев («Атырау»), Тимур Досмағамбетов («Тобыл»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»);

шабуылшылар – Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Тобыл»).

Қосалқы тізім:

қақпашы – Владимир Логиновский («Тобыл»);

қорғаушылар – Нұртас Құрғулин («Тобыл»), Берік Айтбаев («Тараз»);

жартылай қорғаушылар – Альмир Мухутдинов («Тобыл»), Алексей Щеткин («Астана»)

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика