Вернуться к списку статей

Стадионға көрерменді көп тартқан команда – «Қайрат»

Футбол
2K
Фото fckairat.kz сайтынан
2015 жылғы ел чемпионатында стадионға ең көп жанкүйер жинаған Алматының «Қайраты» екен. Орта есеппен «Қайраттың» үйдегі (өз стадионындағы) әрбір ойынына 8 675 көрермен келген.

Еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасының өткен маусымды қорытындылған деректеріне тағы да тоқталып өтпекпіз. Бүгін өткен маусымда премьер-лигадағы қай команданың жанкүйерлері көп болғандығына көз жеткізейік. Бұл ретте, премьер-лига клубтары арасында түзілген КФЛ деректеріне жүгінеміз.

 

Орта есеппен үйдегі әрбір ойынына келген көрермендерінің саны:

 

1. «Қайрат» – 8 675 (2014 жылы 7 706 көрермен болған)

Max: «Қайрат» – «Астана» (30-тур, 25.10.2015) – 16 000 көрермен

Min: «Қайрат» – «Атырау» (29-тур, 17.10.2015) – 5 500

 

2. «Ақтөбе» – 5 300 (2014 жылы – 6 833)

Max: «Ақтөбе» – «Астана» (23 тур, 13.08.2015) – 12 000

Min: 10 ойын – 3 000 көрерменнен

 

3. «Атырау» – 4 117 (2014 жылы – 2 850)

Max: «Атырау» – «Қайрат» (21-тур, 19.07.2015) және «Атырау» – «Ордабасы» (13-тур, 24.05.2015) – 7 500.

Min: «Атырау» – «Ақтөбе» (30-тур, 24.10.2015) – 1 700

 

4. «Астана» – 3 894 (2014 жылы – 3 488)

Max: «Астана» – «Қайрат» (26-тур, 20.09.2015) – 11 500

Min: «Астана» – «Окжетпес» (1-тур, 07.03.2015) – 1 500

 

5. «Ертіс» – 3 550 (2014 жылы – 2 700)

Max: «Ертіс» – «Ордабасы» (22 тур, 26.07.2015) – 5 200

Min: 4 ойын – 2 500

 

6. «Тараз» – 3 344 (2014 жылы – 3 172)

Max: «Тараз» – «Ордабасы» (15-тур, 06.06.2015) – 6 000

Min: «Тараз» – «Тобол» (30-тур, 24.10.2015) – 1 000

 

7. «Ордабасы» – 3 144 (2014 жылы – 3 406)

Max: «Ордабасы» – «Ақтөбе» (14-тур, 29.05.2015), «Ордабасы» – «Жетісу» (10-тур, 03.05.2015) және «Ордабасы» – «Қайрат» (6-тур, 11.04.2015) – 4 000

Min: «Ордабасы» – «Ақтөбе» (28-тур, 03.10.2015) – 2 300

 

8. «Тобыл» – 2 656 (2014 жылы – 3 156)

Max: «Тобыл» – «Ақтөбе» (7-тур, 15.04.2015) – 5 000

Min: «Тобыл» – «Қайсар» (29-тур, 18.10.2015) және «Тобыл» – «Тараз» (26-тур, 19.09.2015) – 1 000

 

9. «Қайсар» – 2 562 (2014 жылы – 4 125)

Max: «Қайсар» – «Қайрат» (10-тур, 03.05.2015) – 4 800

Min: «Қайсар» – «Шахтер» (30-тур, 24.10.2015) – 1 000

 

10. «Шахтер» – 2 131 (2014 жылы – 3 575)

Max: 5 ойын – 3 000

Min: «Шахтер» – «Тараз» (31 тур, 31.10.2015) және «Шахтер» – «Ордабасы» (2-тур, 11.03.2015) – 1 000

 

11. «Жетісу» – 1 844 (2014 жылы – 2 719)

Max: «Жетісу» – «Ертіс» (5-тур, 05.04.2015) – 3 500

Min: 4 ойын –1 000

 

12. «Оқжетпес» – 1 681 (2014 жылы – 1 550)

Max: «Оқжетпес» – «Тобол» (27-тур, 27.09.2015 – 3 200

Min: «Оқжетпес» – «Жетісу» (4-тур, 21.03.2015) – 500

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика