Вернуться к списку статей

Қазақстан чемпионатында ең көп жанкүйер жиналған ойын

Футбол
2K
Фото fckairat.kz сайтынан
Еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасы өткен мауcымның қорытындыларын шығарып, жариялай бастады. Жақында Қазақстан премьер-лигасы мен бірінші лигасындағы ойындарда стадионға келген көрермендер санын түзіп шықты.

Енді осы 2015 жылғы ел чемпионатының Кәсіпқой футбол лигасында тіркелген ресми көрсеткіштеріне, яғни стадионға жиналған көрермендер санына көз жүгіртіп өтейік.

Премьер-лигадағы жанкүйерлер ең көп жиналған ойындар:

16 000 көрермен: «Қайрат» – «Астана» (30-тур, 25.10.2015)
12 500 көрермен: «Қайрат» – «Ақтөбе» (12-тур, 16.05.2015)
12 000 көрермен: «Ақтөбе» – «Астана» (23-тур, 13.08.2015)
11 500 көрермен: «Астана» – «Қайрат» (26-тур, 20.09.2015)
11 000 көрермен: «Қайрат» – «Ақтөбе» (27-тур, 27.09.2015)
11 000 көрермен: «Ақтөбе» – «Ордабасы» (24-тур, 23.08.2015)

Премьер-лигадағы жанкүйерлер ең аз жиналған ойындар:

500 көрермен: «Оқжетпес» – «Жетісу» (4-тур, 21.03.2015)
600 көрермен: «Оқжетпес» – «Шахтер» (7-тур, 15.04.2015)

Бірінші лигадағы жанкүйерлер ең көп жиналған ойындар:

6 000 көрермен: «Спартак» – «Восток» (9-тур, 07.06.2015)
5 500 көрермен: «Қызыл-Жар СК» – «Ақжайык» (9-тур, 07.06.2015)
5 200 көрермен: «Қызыл-Жар СК» – «Байқоңыр» (4-тур, 03.05.2015)
5 000 көрермен: «Қызыл-Жар СК» – «Лашын» (7-тур, 24.05.2015)

Бірінші лигадағы жанкүйерлер ең аз жиналған ойындар:

50 көрермен: «Лашын» – «Екібастұз» (13-тур, 11.07.2015)
100 көрермен: «Болат АМТ» – «Восток» (25-тур, 24.10.2015)
100 көрермен: «Байтерек» – «Екібастұз» (18-тур, 29.08.2015)
100 көрермен: «Байқоңыр» – «Қызыл-Жар СК» (16-тур, 15.08.2015)
100 көрермен: «Байтерек» – «Байқоңыр» (12-тур, 05.07.2015)
100 көрермен: «Байтерек» – «Восток» (3-тур, 25.04.2015)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика