Вернуться к списку статей

Ақтөбе облысының әкімі – Лондонда гол соққан қазақ қайда... қазір?

Футбол
2K
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев:
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев спортта ең бастысы дандайсып кетпеу екендігін баса айтқан. Бұл ретте, мысал ретінде бір футболшыны көлденең тартқан-да...

Ақтөбе облысының 2016 жылғы үздік спортшыларын марапаттау рәсімінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев негізінен олимпиадалық емес спорт түрлерінен ерен жетістіктерге қол жеткізіп жүргендеріне қынжылыс білдірген. Әрі олимпиадалық спорт түрлеріне көңіл бөлу керектігін баса айтқан.

Сонымен қатар, облыстық спорт басқармасына өзге өңірлердің намысын қорғап жүрген спортшыларын кері қайтару жөнінде тапсырма бергендігін, алайда мұның әлі орындалмағандығын да тілге тиек еткен.

– Ең бастысы, спортта ешқашан да дандайсып кетуге болмайды. Әсіресе, қазақтарда осындай әдет бар. Кішігірім бір жетістікке қол жеткізіп, жерге қарауды қояды. Менің оның аты-жөнін атағым келмейді, бірақ Лондонда Англия құрамасының қақпасына гол соққан бір футболшы содан бері ізім-қайым болды, содан бері көрген жоқпыз, ол туралы естіген де жоқпыз, – депті Бердібек Сапарбаев diapazon.kz басылымының мәлімдеуінше, өз облысының үздік спортшыларын марапаттаған жиында.

Осы ретте айта кетейік, биылғы Ақтөбе облысының үздік спортшылары арасында бірде-бір футболшы жоқ. Рас, «Інжу» шағын футбол (футзал) клубының капитаны Әлібек Тілеуқұлов пен вице-капитаны Қайрат Иманалин бар.

Қалғандары, негізініен олимпиадалық емес спорт түрлері өкілдері: тоғызқұмалақ, шахмет, ММА, кір тасын көтеру, самбо, белбеулі күрес, әмбебап жекпе-жек және дзюдо, грек-рим күресі.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика