Вернуться к списку статей

IFFHS – Әлемнің үздік бапкерлері

Футбол
1K
Бернд Шторк. Фото: ҚФФ баспасөз қызметінен
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2016 жылғы үздік бапкерлер рейтингін жариялады. Үздіктер қатарында бізге таныс мамандар баршылық.

Бірден айта кетейік, ұлттық құрамалар арасындағы үздік бапкерлер рейтингісінде Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш теңдессіз танылды. Өздеріңіз білесіздер, бұл құрама биыл жазда Францияда өткен Еуропа чемпионатында топ жарған болатын.

Үздік ондықта бұрынғы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері (11.10.08 – 12.10.10), неміс маманы Бернд Шторк те бар. Сондай-ақ, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу тобында біздің ұлттық құрамамен бір топта ойнайтын Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка да бар.

1. Фернанду Сантуш (Португалия) – 199 ұпай
2. Ларс Лагербек (Исландия) – 71
3. Йоахим Лёв (Германия) – 62
4. Крис Коулман (Уэльс) – 61
5. Дидье Дешам (Франция) – 52
6. Антонио Конте (Италия) – 17
7. Анте Чачич (Хорватия) – 8
8. Тите (Бразилия) және Марк Вильмотс (Бельгия) – 3
10. Бернд Шторк (Венгрия), Адам Навалка (Польша), Ангелос Постекоглу (Австралия) – 1.

IFFHS тұжырымы бойынша клубтық деңгейдегі 2016 жылғы әлемнің үздік бапкерлері:

1. Диего Симеоне («Атлетико») – 113 ұпай
2. Зинедин Зидан («Реал») – 108
3. Клаудио Раньери («Лестер Сити») – 86
4. Хосеп Гвардиола («Бавария»/«Манчестер Сити») – 62
5. Унаи Эмери («Севилья»/ПСЖ) – 38
6. Луис Энрике («Барселона») – 24
7. Юрген Клопп («Ливерпуль») – 16
8. Маурисио Почеттино («Тоттенхэм») – 15
9. Массимилиано Аллегри («Ювентус») – 6
10.  Питсо Мосимане («Мамелоди Сандаунс», ОАР) – 5

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика