Ұрылар Твумасидің Ганадағы үйіне дүйсенбі күні таң сібірлеп атып келе жатқанда түсіп, тапанша кезеніп, ақшаларын алып кеткендігін жазғанбыз. Маусым аралығындағы демалыста туған еліне барған «Астана» футболшысы осындай келеңсіз жәйтқа ұрынды.
Патрик Starr FM басылымына берген сұхбатында ұрылардың жалпы сомасы 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшасын алып кеткендігін мәлімдепті. Сондай-ақ ұялы телефондары мен iPad-тары және басқа да электронды құрылғылары қолды болған.
Әйтсе де, Патрик Твумаси отбасының амандығына, бәрінің тірі қалғандарына шүкіршілік етіп, Аллаға тағзым етуде...